8 наурызда Алматыда болған митиң
Фото: Асель Баймуканова

DOCA Қазақстан

8 наурызда Алматыда болған митиң

(видео)

10 Наурыз, 2022 жыл

Алматы, Қазақстан

2022-жылдың 8 наурызында Алматыда әйелдер феминистік митиңі болды.

Митиңді Қазақстан феминистік бастамашы «Феминита» тобынан Жанар Серкебаева мен Гүлзада Сержан, QyzylordaGo белсендісі Жәмила Қасымхан, «КазФем» белсенділері Арина Осиновская мен Олеся Котова, сондай-ақ белсенділер Фариза Оспан мен Лейла Махмудова, FemPoint белсендісі Елена Иванова, белсенді Мира Оңғарова, заңгер әрі құқық қорғаушы Татьяна Чернобиль ұйымдастырды.

Митиң жұрт «Qandy Qańtar»  атап кеткен, 2022 жылдың қаңтарындағы құрбандарды еске алып, бір минут үнсіздік жариялаумен басталды.

Бұл жылғы митиңде әйел адамдардың билікке келуі туралы сөз болды, сондай-ақ жиналғандар: зейнет жасын өзгерту, үй жағдайындағы зорлық-зомбылық, саяси тұтқындарды босату, Украинадығы құрбандар т.б мәселелерді де назардан тыс қалдырмады. 

Митиңнің соңына қарай «Әйел әлем үшін» деген акция болды. Акцияға қатысушы қыз-жігіттер «Соғыс тоқтасын!», «Біз бейбітшілікті қолдаймыз!» деп ұрандатып, Украина туы түстес сары және көк түсті түтін шығаратын файер жақты. 

Ең соңында қырғыз музыканты әрі белсендісі Зере Асылбектің «Қыз» әні орындалды. Бұл ән 2018 жылы жарияланғаннан бері Орталық Азиядағы феминистік қозғалыстардың, әйел құқын қорғаушы ұйымдардың бейресми әнұранына айналып кеткен. «Қыз» әні  автор мен меншік иесінің келісімімен видеороликте орындалады. 

 

Видео: «8.3.2022»

Операторлар: Малика Ауталипова, Тимур Нусимбеков
Дрон-оператор: Асель Баймуканова
Монтаж: Малика Ауталипова
Дыбыс режиссері: Мирхат Катауов
Саундтрек: «Қыз», Зере

Adamdar/CA командасы материал жасау барысында қол ұшын созған Арина Осиновская мен Зере Асылбекке алғыс білдіреді. 

Митиңге қатысты резолюция сілтемеде.

Жарияланған уақыты: 10 Наурыз, 2022 жыл