Adamdar news Қазақстан

Президенттік сайлаудағы бақылау. Келесі қадам.

17 Маусым, 2019 жыл

Алматы, Қазақстан

іс-шара: «Президенттік сайлаудағы бақылау. Келесі қадам» деген тақырыптағы панельдік пікірталас
уақыты: 17 маусым, 18:30
орны: Aurora Space (Алматы, Қазақстан)

 

 

17 маусымда, дүйсенбіде, сағат 18:30-да, Алматы, Aurora Space президенттік сайлауды бақылау қорытындылары бойынша кездесу өтеді.

Өз мәліметтерімен «Еркіндік Қанаты» қоғамдық қоры, Қазақстан жастар ақпараттық қызметі, сондай-ақ басқа да тәуелсіз бақылаушылар бөліседі.

Байқаушылар сайлау күні жиналған дауыстар мен негізгі бұзушылықтар туралы ақпарат береді; аудиториямен бірге сайлау заңнамасына және жиналған деректер негізінде Орталық сайлау комиссиясының жұмыс тәртібінеқандай ұсыныстар енгізу керектігін талқылайды; және келесі сайлауға бақылау жоспарлары туралы жоспар ұсынады.

Талқылау қазақ және орыс тілдерінде өтеді.

Қатысушылар:
Елена Швецова, «Еркіндік Қанаты» қоғамдық қорының директоры (Нұр-Сұлтан)
Дилда Рамазан, урбанист, бақылаушы
Қасымхан Қаппаров, экономист, бақылаушы
Василина Атоянц, Қазақстанның Жастар Ақпараттық Қызметінің атқарушы директоры
Мади Мамбетов, публицист, бақылаушы
Оразай Қыдырбай, мұғалім, бақылаушы
Роман Захаров, суретші, бақылаушы

Модераторлар:
Баубек Сағындық, журналист
Ирина Медникова, қоғам белсендісі

Аккредитациядан өту: + 7 708 104 02 56 (Лейла Махмудова)

Мекенжайы: Байсеитов көшесі, 55-57

Басқа қалалардың тұрғындары мен келе алмайтындар үшін тікелей эфир болады, онлайн режимде сұрақтар қойыңыз:
YouTube Rukh2k19
Facebook Oyan,Qazaqstan
Instagram @misk_kz и @rukh2k19

Жарияланған уақыты: 17 Маусым, 2019 жыл