Палауға мадақ
Сурет салған: Куралай Меирбекова

сәуір 2018

Санкт-Петербор, Ресей

Палауға мадақ

 

Афросиаб шайханасы

немесе орыс достарым узбечка1  

деп атайтын жерге

төрт аптада төртінші рет келіп

отырмын.

 

Иесі мені танығанымен

Нақты кім екенімді білмейді.

Узбечкаға көңілі кең

шетелдік достарымды әкелемін.

 

Палауды әртүрлі түстермен

суреттеймін.

Шафран мен жұмсақ сәбіз туралы

да айтамын.

Бірақ узбечкада палау тез тауысылып қалады.

Өмірде бір нәрседен құр қалардай

Жұмыскерлер оны тез тауысып қояды.

 

Бәлкім құр қалар,

Себебі суық та қараусыз қалған

мекендегі бұл батырлар2 үшін

Палау — «өз үйі - өлең төсегі».

 

Пластикті сюзане3 жауып тұр.

Шелпектер себетте сәнденген.

Көк пиалалардың төбесі көрініп,

Тандырдың4 күбірі естілді.

Есіктің сықырымен бірге

Түркінің терең тынысы естілді.

 

Бұл «өзімізге арналған» жер

Орысша солай дейтінін білемін.

Бірақ иесі мені де енді іш
тартты.

 

«Бүгін палау бар ма?» — деп

төрт аптада осымен төртінші

рет сұрап тұрмын.

 

«Бар ғой. Жаңа пісті» дейді ол

көзінің қиығымен мейірлене тіл қатып.

 

(сәуір 2018, Санкт-Петербор, Ресей)

 

1 / «Узбечка» — ел ішіндегі орта азиялық және өзбек тағамдарын ұсынатын кафе немесе тамақтанатын жер. Орталық Азияда және кейбір пост-кеңестік елдерде кеңінен таралған.

2 / Батыр (бахадүр, батур, богатырь) — көне түркі және моңғол тілдерінде батыр, өжет кісі дегенді білдіреді.  Ортағасырларда түрік және моңғол халықтарында жауда ерлікпен көзге түскен адамды атаған. Көшпелі халықта батырлар негізі қорғаныс күшін құраған.

3 / Сюзане — қолдан тоқылған мата, кілем. Сюзан әдісі орталық азия елдерінде кеңінен
таралған. Сюзане орталық азиядағы үйлердің, кафе және т.б. орындарды безендіруде қолданылады.

4 / Тандыр (тандур) — дәстүрлі пеш. Тандыр пеші Орталық Азия, Кавказ, Таяу Шығыс, Латин Америкасы, Балқан және әлемнің басқа жерлерінде таралған. Нан және өзге де тағам түрлерін дайындауға және емдік-салттық жағдайларда қолданылады.

Сурет салған: Куралай Мейрбекова

Жарияланған уақыты: 19 Сәуір, 2018 жыл