«Ғажап дүние»: Әсел Нүсіпқожанованың көрмесі

Adamdar news Қазақстан

«Ғажап дүние»: Әсел Нүсіпқожанованың көрмесі

17 Тамыз, 2021 жыл

Алматы, Қазақстан

іс-шара: Әсел Нүсіпқожанованың «Ғажап дүние» көрмесі
уақыты: 20 тамыз — 20 қыркүйек 2021
орны: Villa Boutiques & Restaurants (Алматы, Қазақстан)

Жұма күні, 20 тамызда, Әсел Нүсіпқожанованың «Ғажап дүние» атты жеке көрмесі Алматыда ашылады. «Ғажап дүние» атты экспозиция — бұл суретші өміріндегі әйел бейнелері арқылы көрсетілген автобиографиясы және Алматы қаласына деген арнауы. Көрмеде суретші 2019-2021 жылдары аралығында жасаған көркем сурет пен графика сериясын ұсынады. Көрме атауы әйелдер әлемі мен тұрмысты меңзейді, өйткені «дүние» сөзі үй ауқатын сипаттайды.

Кураторлар Аида Әділбек пен Юлия Хан сөздері бойынша, «жеке көрмеге дайындалу барысында Әсел кеңес сәулет өнерімен, Алматы қаласының бедерлі өрнектерімен шабыттанған, және де көбісі сән әлемінен, оның тоқымамен және пішумен жұмыс істеу тәжірибесінен, жас ана болу тәжірибесінен келген». 

«Мен өзімнің ойларымды матаға түсіргендей кенепке түсіремін, сол арқылы мұны текстильді дизайн мен бейнелеу өнері арасындағы бір жол ретінде қабылдаймын», — дейді Әсел өзінің сурет өнері туралы.

Басты экспозициядан бөлек залда Dunie design заттық дизайн коллаборативті бюросының — Әсел мен оның жолдасы Ахат Байменовтің ортақ жобасының заттары қойылған pop-up store ұйымдастырылады. 

Суретші туралы

Әсел Нүсіпқожанова — суретші және мультидисциплиналық дизайнер, 1991 жылы Талдықорғанда дүниеге келген, Алматыда тұрады және жұмыс істейді. Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінде суретші-модельерге оқып, Әсел Миландағы Istituto Marangoni мектебіне түсіп, Fashion design мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін және жылдың ең үздік топтамасы жүлдесін алды. Оның Assel бренді Париж бен Миландағы сән апталықтары кезінде шоу-румдарға қатысқан және Қазақстанда бірінші болып Farfetch ритейлінде сатылымдарды бастаған. 

Фото: Юлия Хан

Мекен-жай:
Villa Boutiques & Restaurants
Әл-Фараби 140А
Алматы, Қазақстан

Жарияланған уақыты: 17 Тамыз, 2021 жыл