«Қария мен теңіз» фильмі

Adamdar news DOCA Қазақстан

«Қария мен теңіз» фильмі

4 Ақпан, 2019 жыл

Арал теңізі, Қазақстан

«Қария мен теңіз» деректі фильмі

Режиссёр: Асылхан Мамашұлы
Өндіруші: Азаттық радиосы

«Қария мен теңіз» — Арал теңізінің бүгіні жайлы деректі фильм. Бір жылдары суы тартылып, табанынан тұз ұшқан теңіз қайта орала бастаған. 2006 жылы салынған Көкарал бөгеті Арал теңізінің маңындағы ауылдарға үміт сыйлады. Қазір Кіші Арал тола бастаған. 1950 жылдары Арал теңізінде балық аулаған қария Өмірзақ Досжанов теңіздің тартылғанын да, балықшылардың кәсібін тастап, өзге өңірлерге көшкенін де көрген. Тұтас дәуірдің куәсіне айналған қария Кіші Аралдың оралғанына шүкіршілік етеді, көшіп кеткендердің қайта оралып, теңізге шыға бастағанына қуанады.

 

Жарияланған уақыты: 4 Ақпан, 2019 жыл