Алматылықтардың Украинаны қолдап, соғысқа қарсы шығуы

Adamdar news DOCA Қазақстан

Алматылықтардың Украинаны қолдап, соғысқа қарсы шығуы

Фоторепортаж: Малика Ауталипова, Тимур Нусимбеков

7 Наурыз, 2022 жыл

Алматы, Қазақстан

6 наурызда «Сары-Арқа» кинотеатрының артындағы алаңда Ресей басқыншылығына қарсы, Украинаны қолдаған митиң өтті. Соғыс басталғалы бері соғысқа қарсы бірнеше митиң мен акция өтіп жатыр. 

Фото: Малика Ауталипова

Алғашқы антисоғыстық акцияны Алматыда 24 ақпанда Ресей Украина жеріне басып кірген соң бірнеше сағаттан кейін азаматтық белсенді Дархан Шәріп жасады. Белсенді Украина туын жамылып, Ресей елшілігінің алдына барды, оған жолай соғысқа қарсы плакат ұстаған он шақты адам қосылды. Олардың бәрін полиция ұстап, полиция бөлімшелеріне жеткізді. Алматы да өткен бұл  пикет әлем елдерінде Украинаны қолдаған алғашқы акциялардың бірі болды. 

Дархан Шәріп, 6 наурыз, 2022
Фото: Тимур Нусимбеков

26 ақпанда он шақты адам таза ауа митиңінен соң, Украинаны қолдап, соғысқа қарсы акция өткен жер – ақын Тарас Шевченконың ескерткішін бетке алды. 

6 наурызда Украинаны қолдау мақсатында 3-5 мың аралығында адам жиналып, митиң өткізді. Шын мәнінде, бұл митиң соңғы жылдардағы нағыз ең бейбіт митиң болды: Жас ерекшелігі әртүрлі, ұлты әрқилы, мамандығы, саяси көзқарасы басқа адамдар сансыз плакат, баннер, Қазақстан мен Украина туын желбіретіп алып шықты. 

 

 

Шеруге шыққандар арасында балалар, оқушылар, студенттер мен зейнеткерлер көп болды. Шеруді көптеген құқыққорғаушылар, қоғам қайраткерлері, мәдениет, өнер, ғылым қайраткерлері қолдады.

 

 

Спикерлердің басым бөлігі Ресей Украинаға басқыншылығын тоқтатып, бейбітшілік орнатсын деп талап қылды. Сондай-ақ ҰҚКҰ (ОДКБ) мен Еуразиялық экономикалық одақтан шығу керек деген талап қоюшылар болды.

 

 

 

Жиналғандардың басым көпшілігі уытты тілін безеп, тіпті бейәдеп сөздермен Украинаға қарсы соғыс отын тұтатқан Владимир Путинді балағаттап жатты.

 

 

 

 

Шерушілер хормен Украина, Қазақстан әнұранын асқақтатып, украиндық рок топ  «Океан Ельзидің» «Обiйми» әнін, «Ой у лузі червона калина» украин халық әнін орындады, бұл ән «Бумбокс» рок-тобының әншісі Андрій Хливнюктің орындауынан соң ауыздан түспейтін болды.

 

 

 

Жиылғандар арасында Qandy Qańtar мәселесін көтеріп, оны әскери қылмыс ретінде халықаралық ұйымдар тексерсін дегендер де болды. Украин жерінде 2022 жылғы соғыс, Қазақстан жерінде 2022 жылдың қаңтарында болған қанды қаңтар, бейбіт тұрғындарды ату, азаптау, репрессия сынды өзге де қылмыстарға Қазақстан қарсы.

Фото: Тимур Нусимбеков

Митиң қатысушылары Қазақстан мен Украинадағы 2022 жылдың сұрапыл кезінде қайтыс болған құрбандарды еске алып, бір минут үнсіздік жариялады. 

Фото: Тимур Нусимбеков

Жарияланған уақыты: 7 Наурыз, 2022 жыл