ADAMDAR/CA — Орталық Азия тауларының арасын алып жатқан алып дала тұрғындарының идеясы мен өмірінен сыр шертер әңгімелер...
...әңгімелер ащы қымыз бен пештен жаңа шыққан ыстық тандыр мен самсаның иісіне қанығып, наурызда гүлдеген қызғалдақ пен еңлікгүлдің жұпарына оранған.
Бас айналдырар хош иіс кезбе жолаушыны Іле Алатау мен Терскей Ала-Тоо, Алтай мен Памир тауларының етегінде қарсы алып, Алматы, Самарқанд, Ақтау, Хорог, Ош, Душанбе және Бухара көшелерін шарлауға шақырады.
Шақырып қана қоймай қарт Каспийді жағалай созылған өмірлік әңгімеге құлақ түргізеді. Бұл — Іле, Чон-Кемин, Ертіс, Пяндж, Сырдария мен Амудария өзендерінің екі жағалауының арасындағы сырлы әңгіме.
Бұл — «Қазақстан темір жолы» шойын жолы мен «Узбекистон Темир Йуллари» шойын жолдарының бірігіп хэви метал, ал Манғыстау, Таулы Бадахшан, Күнгей Алатау жолдарының шаңын бұрқыратып рок-н-рол ойнап, Ұлы Қыпшақ даласынан ескен мәңгілік блуз сарыны.
Бұл — Орталық Азияның қазіргі келбеті. Бұл — біздің сапарластарымыздың дауыстары. Бұл — бізбен бірге сапарға шыққандар және алдымызда жолығатындар туралы.
Бұл — ADAMDAR/CA.
Суретте: Пяндж өзені, Тәжікстан (суретке түсірген — Тимур Нусимбеков)