Элеанор Дэр — суретші және профессор, қазір Кембридж университетінің педагогика факультетінде сабақ береді. Элеанор сонымен бірге Crafting Futures жобасына қатысқан, бұл — Британ кеңесі мен Қырғызстан, Қазақстан және Өзбекстаннан келген әріптестер және Корольдік өнер колледжі (Royal College of Art) арасындағы коллаборация. Мұнда Элеанор осыған дейін дәріс оқып, цифрлық медиа бойынша бағдарламаны басқарған.