«ҰЯТ»: Наразылықтың ең ірі перформансы

Adamdar news Қазақстан

«ҰЯТ»: Наразылықтың ең ірі перформансы

16 Мамыр, 2019 жыл

Алматы, Қазақстан

Алматы қаласында белсенділер, кинематографистер және суретшілер Сүинбике Сүлейменова мен басқа ұсталғанғандарға қолдау көрсетіп, сот залында «ҰЯТ» акциясын өткізді.

Фото: Малика Ауталипова

Бүгін Алматы қалалық сотында Сүинбике Сүлейменова-Базарғалиеваның апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады. Суретші және кинорежиссер Суинбике Сүлейменованың ісі жөніндегі сот отырысына қатысушылар ниеттестік акциясын өткізді. Сот үкімі жарияланған сәтте, сот залында отырғандардың басым көпшілігі «Ұят» сөзі жазылған таспаны ауыздарына жапсырды. 

 

 

Сот залындағы аудиторияның көпшілігін экологиялық белсенділер, суретшілер, белсенді азаматтар, құқық қорғаушылар, кинематографистер, дизайнерлер, феменистік қозғалыс өкілдері құрады. Сонымен бірге сот отырысына бұған дейін қамауға алынған экологиялық белсенді Бейбарыс Толымбеков, суретші Роман Захаров және кинооператор Айгуль Нурболатова да келді. 

 

 

МӘЛІМЕТ

21 сәуір күні Сүйінбике Сүлейменова, операторлар Айгүл Нурболатова және Айдос Нурболатов Алматы марафонында «Шындықтан қаша алмайсың» сөздері және #AdilSailayUshin, #уМеняЕстьВыбор хештэгтері бар баннерді созып жайған экологиялық белсенділер Асия Тулесова мен Бейбарыс Толымбековты камераға түсіріп алды. Белсенділер мен операторларды полиция қызметкерлері сол күні ұстап алып, оларға әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 488-бабы бойынша қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін айып тақты. Сүйінбике Сүлейменованың аяғы ауыр болғанымен (ішінде төрт айлық баласы бар) басқа ұсталған белсенділер мен операторлардың айтуы бойынша полиция бөлімінде оларға қысым көрсетілді: бірнеше сағат бойы азық-түлік пен су бермей, ұялы телефон мен камераларындағы мәліметтерді рұқсатсыз тексеріп, қорғаушының қатысуынсыз жауап алу жүргізді.

Асия Тулесова мен Бейбарыс Толымбековтың «Шындықтан қаша алмайсың», #AdilSailayUshin флешмобы жастар мен шығармашыл топтар жағынан Қазақстан және Орталық Азияда бұрын-соңды болмаған көркемдік наразылық толқынының бастауы болды. Қазақстандағы Алматы, Астана, Қарағанды, Орал және әлем бойынша Лондон, Берлин, Нью-Йорк, Прага, Будапешт, Париж, Лос-Анджелес, Милан және т.б. қалаларында дәл осыған ұқсас мазмұнмен баннерлер, плакаттар, стрит-арт объектілері, сондай-ақ тұтқындалған белсенділерге ниеттестік көрсету акциялары өткізілді.

Жарияланған уақыты: 16 Мамыр, 2019 жыл