Әуе апаты орын алған жер. Фоторепортаж

Adamdar news DOCA Қазақстан

Әуе апаты орын алған жер. Фоторепортаж

27 Желтоқсан, 2019 жыл

Алматы, Қазақстан

27 желтоқсанда таңғы сағат 7:22 де BekAir әуекомпаниясының ұшағы Алматы-Астана бағытындағы рейсіне ұшу кезінде биіктікті жоғалтып, Алматы облысы, Талғар ауданына қарасты Гүлдала және Әлмерек елді-мекендеріне құлады. Ол сол аумақтағы бетон қоршауды қиратып, екіқабатты құрылысқа барып соғылған. 

Апат салдарынан әуе кемесіндегі 12 жолаушы қаза болып, ондаған адам жарақаттанып ауруханаға түсті. Апаттан құтқару операциясы аяқталған соң оқиға орнын Ұлттық гвардия сарбаздары қоршауға алды. Төтенше жағдайлар комитеті, полиция, жедел жәрдем мен өзге де авариялық қызмет көліктері осы аймақта болды. 

Гүлдала елді-мекені мен іргелес ауыл тұрғындары құтқарушылар мен құтқару қызметіндегілерге далада дастархан жайып, ыстық шәй берді. 

100-ден аса алматылық қалалық қан құю орталығына апаттан зардап шеккендер мен жарақат алғандар үшін қан тапсыруға келді. 

Оқиға орнынан суреттер — Тимур Нусимбеков. 
 

 

 

 


Барлық фотосуреттер — ÅDÅMDÅR/CA 
ÅDÅMDÅR/CA алынған жазбаша келісім бойынша ғана қолдануға рұқсат

Жарияланған уақыты: 27 Желтоқсан, 2019 жыл