29 тамыз 1949 жылы Қазақстанда 22 килотонна ядерлі бомба жарылысы болды. Кеңес Одағының Семей ядролық сынақ полигонының жантүршігерлік тарихы осылай басталды.
Семей ядролық полигоны Қазақстанның шығысындағы 18 500 км2 жартылай шөлді аумақта орналасқан.
40 жылға ұласқан (1949–1989 жылдар) ядролық сынақта совет әскерилері мен ғалымдары Семей ядролық полигонында 460 ядролық, термоядролық және сутег қаруларды жерде, әуеде, жер астында және суда жарылыс жасады.
Полигон аумағынан 55 әуе және жер үсті жарылыстардың радиоактивті бұлттары таралып, 169 жер асты сынақтардың газ сығындылары таралды. Дәл осы 224 жарылыс Қазақстан шығысының радиацияға орануына тікелей әсер етті.
Сынақтар Шығыс және Солтүстік-Шығыс Қазақстандағы елді-мекендерге жақын жерде жүргізілді. Сол себепті полигон маңайындағы тұрғындардың бірнеше буынының денсаулығына үлкен зардап келіп, өлім санының артуына түрткі болды.
Ядролық сынақтардан Шығыс Қазақстан халқының өмірі мен денсауылғына орасан залал келетінін кеңес әскерилері мен ғалымдары сонау 1950 жылдан білді, соған қарамастан 1989 жылға дейін сынақтарды жүргізу жалғаса берді. 1 милионнан астам қазақстандық ядролық қарудың құрбанына айналды. Семей полигонына жақын маңайдағы елді-мекен тұрғындары айықпас дертке шалдықты. Қатерлі ісік, жүйке жүйесі, аққан ауруы меңдеп, Шығыс және Солтүстік-Шығыс Қазақстанда радиацияның әсерінен ауыр науқасты сәбилер дүниеге келді. Полигондағы ядролық жарылыстар мыңдаған азаматтың ерте өлім құшуына себеп болып, ел ішінде өлім-жітімді көбейтті.
Семей полигонының ауқымды бөлігі мен оған іргелес жатқан Павлодар, Семей, Шығыс-Қазақстан және Қарағанды облыстары экологиялық апатты аймақтарға жатқызылды. Полигонның кейбір зақымданған аймақтары адам өміріне қауіпті, мыңдаған жылдар өтсе де тіршілікке жарамсыз болып қала бермек.
Қазақстан ғылымы Академиясының жоғарғы энергия институты Семей полигонында жер асты және әуеде сыналған ядролық зарядтардың жиынтық қуатын 1945 жылы Хиросимаға тасталған бомбадан 2,5 мың есе күшті деп бағалаған.
Семей полигоны — XX ғасырдағы ең ірі ядролық полигон. Мұндағы кейбір қауіпті аймақтарға қарамастан, СИЯП аумағында адамдар тіршілік ететін әлемдегі жалғыз ядролық полигон. 1990 жылдан бері жергілікті халық тұрмысының төмендігінен радиоактивтік ластанған және тіршілікке қауіпті метал құрылымдар мен полигонның әскери инфраструктура желісін қажеттеріне жаратып келеді.
1980 жылдың соңынан бастап Қазақстан азаматтары полигонды жабуды талап етіп, соның арқасында ядролық сынақтарды жүргізу тоқтатылды. Семей полигоны аумағында ядролық сынақтардың тиылуына Қазақстанның белгілі ғалымдары мен дәрігерлері Бахия Атчабаров, Сайым Балмұханов, олардың әріптестері мен пікірлестері көп еңбек сіңірді.
Олар алғашқы болып ядролық сынақтарды тоқтату жөнінде ғылыми және азаматтық жұмыстарын бастады. Олар КОПК, МҚК мен КСРО әскери басшылығы тарапынан қысым көргеніне қарамастан айтарлықтай ғылыми және дала жұмыстарын жүргізді. Ядролық сынақтардың Қазақстан халқына тигізетін жантүршігерлік зардабы туралы Сайым Балмұханов, Бахия Атчабаров пен олардың пікірлестері 1950 жылдан бері жинақтаған ақпарат антиядролық қозғалыстың негізі болып, 1980 жылы «Невада-Семей» атымен танылды. Бұл Қазақстан тарихындағы алғашқы экологиялық белсенділердің жаппай қозғалысы еді. Олардың қатарына КСРО-ның басқа республикаларынан және әлем елдерінен азаматтар қосылды. 1991 жылы 29 тамызда Семей ядролық полигоны ресми түрде жабылды.