70 жыл бұрын Қазақстанда алғашқы ядролық жарылыс болды

Кітапхана DOCA Қазақстан

70 жыл бұрын Қазақстанда алғашқы ядролық жарылыс болды

29 Тамыз, 2019 жыл

Шығыс Қазақстан, Қазақстан

29 тамыз 1949 жылы Қазақстанда 22 килотонна ядерлі бомба жарылысы болды. Кеңес Одағының СИЯП  (Семей ядролық полигон сынағы) жантүршігерлік тарихы осылай басталды.

Семей ядролық сынақ полигоны Қазақстанның шығысындағы 18 500 км2 жартылай шөлді аумақта орналасқан.

Семей полигон картасы. Дереккөзі: сайт www.nuclear-poligon.ru

40 жылға ұласқан (1949–1989 жылдар) ядролық сынақта совет әскерилері мен ғалымдары Семей ядролық полигонында 460 ядролық, термоядролық және сутег қаруларды жерде, әуеде, жер астында және суда жарылыс жасады. 

П-1 («1 Алаң Тәжірибе алқабы»): Осы алаңда совет ядролық бағдарлама аясында алғашқы атом бомбасы сынақтан өткізілді. Кейін бұл жерде сутек бомба жарылды. Кейін бұл алаң басқа да жер үсті сынақтар үшін пайдаланылды.
Фото: Тимур Нусимбеков

Полигон аумағынан 55 әуе және жер үсті жарылыстардың радиоактивті бұлттары таралып, 169 жер асты сынақтардың газ сығындылары таралды. Дәл осы 224 жарылыс Қазақстан шығысының радиацияға орануына тікелей әсер етті.

 

 

Сынақтар Шығыс және Солтүстік-Шығыс Қазақстандағы елді-мекендерге жақын жерде жүргізілді. Сол себепті полигон маңайындағы тұрғындардың бірнеше буынының денсаулығына үлкен зардап келіп, өлім санының артуына түрткі болды. 

Ядролық сынақтардан Шығыс Қазақстан халқының өмірі мен денсауылғына орасан залал келетінін кеңес әскерилері мен ғалымдары сонау 1950 жылдан білді, соған қарамастан  1989 жылға дейін сынақтарды жүргізу жалғаса берді. 1 милионнан астам қазақстандық ядролық қарудың құрбанына айналды. Семей полигонына жақын маңайдағы елді-мекен тұрғындары айықпас дертке шалдықты. Қатерлі ісік, жүйке жүйесі, аққан ауруы меңдеп, Шығыс және Солтүстік-Шығыс Қазақстанда радиацияның әсерінен ауыр науқасты сәбилер дүниеге келді. Полигондағы ядролық жарылыстар мыңдаған азаматтың ерте өлім құшуына себеп болып, ел ішінде өлім-жітімді көбейтті. 

Дереккөзі: сайт www.nuclear-poligon.ru

Семей полигонының ауқымды бөлігі мен оған іргелес жатқан Павлодар, Семей, Шығыс-Қазақстан және Қарағанды облыстары экологиялық апатты аймақтарға жатқызылды. Полигонның кейбір зақымданған аймақтары адам өміріне қауіпті, мыңдаған жылдар өтсе де тіршілікке жарамсыз болып қала бермек. 

«Атом көлі»
Фото: Тимур Нусимбеков

Қазақстан ғылымы Академиясының жоғарғы энергия институты Семей полигонында жер асты және әуеде сыналған ядролық зарядтардың жиынтық қуатын 1954 жылы Хиросимаға тасталған бомбадан 2,5 мың есе күшті деп бағалаған. 

Бұрынғы Семей ядролық полигонының аумағы
Фото: Тимур Нусимбеков

Семей полигоны — XX ғасырдағы ең ірі ядролық полигон. Мұндағы кейбір қауіпті аймақтарға қарамастан, СИЯП аумағында адамдар тіршілік ететін әлемдегі жалғыз ядролық полигон. 1990 жылдан бері жергілікті халық тұрмысының төмендігінен радиоактивтік ластанған және тіршілікке қауіпті метал құрылымдар мен полигонның әскери инфраструктура желісін қажеттеріне жаратып келеді.

1980 жылдың соңынан бастап Қазақ КСР азаматтары полигонды жабуды талап етіп, соның арқасында ядролық сынақтарды жүргізу тоқтатылды. Семей полигоны аумағында ядролық сынақтардың тиылуына белгілі ғалым әрі дәрігер Саим Балмұханов көп еңбек сіңірді.  

Саим Балмұханов

Балмұханов алғашқы болып ядролық сынақтарды тоқтату жөнінде ғылыми және азаматтық жұмысын бастады. Ол КОПК, МҚК мен КСРО әскери басшылығы тарапынан қысым көргеніне қарамастан айтарлықтай ғылыми және дала жұмысын жүргізді. Ядролық сынақтардың Қазақстан халқына тигізетін жантүршігерлік зардабы туралы Саим Балмұханов пен оның әріптестері 1950 жылдан бері жинақтаған ақпарат антиядролық қозғалыстың негізі болып, 1980 жылы «Невада-Семей» атымен танылды. Бұл Қазақстан тарихындағы алғашқы экологиялық белсенділердің жаппай қозғалысы еді. Олардың қатарына КСР Одағының басқа республикасынан және әлем елдерінен азаматтар қосылды. 1991 жылы 29 тамызда Қазақ КСР үкіметінің шешімімен Семей ядролық полигоны ресми түрде жабылды. 

Жарияланған уақыты: 29 Тамыз, 2019 жыл