Сол күні мен және тағы бір қыз, Яна, Бакуриани жаққа қарай бара жатқанбыз, Бізді Тамара, хостел иесі, қонаққа шақырған. Ол Дидвели шаңғы базасында жұмыс істейтін. Біз Боржомиден Сталин көшесімен келе жаттық. Көше бойында жақында ғана өмір қайнап жатқан, ал қазір қаңырап бос қалған үйлер көп еді. Көрініс адамдардың бай тұрмағанын меңзегендей. Терезе алдында кітап оқып отырған қыз қатты ұнады, құдды бір кинодағыдай әсер қалдырды.
Мың бір күн / Мың бір түн Грузия