Алматыдағы марш. Фоторепортаж.

Adamdar news DOCA Қазақстан

Алматыдағы марш. Фоторепортаж.

Суреттер: Малика Ауталипова, Тимур Нусимбеков

30 Тамыз, 2019 жыл

Алматы, Қазақстан

30 тамыз Қазақстан Конституциясы күнінде «Oyan, Qazaqstan» азаматтық қозғалысы Алматы көшелерінде бейбіт марш өткізді. 

Марш қатарына қосылғандардың көбісі жастар, сондай-ақ тәуелсіз журналистер мен суретшілер. Ішінде бұған дейін Алматыда сурет акциясын өткізіп қамауға алынған арт белсенділер кинематографист Айгүл Нұрболатова, суретші Роман Захаров және журналист Айдана Айдархан бар. 

 

 

 

Сондай-ақ әйел құқығын қорғауды және зорлауға қарсы жазаны күшейтуді сұраған белсенділер мен азаматтық белсенді Альнұр Ильяшев те көзге түсті. 

 

 

Марш қатысушылары Қазақстан Конституциясына реформа керектігін, саяси тұтқындарды босатуды, парламенттік республика орнатуды талап етіп, авторитаризмге қарсылық білдірген лозунгтар ұстады. 2019 жылы Қазақстандағы наразылықтың басты ұранына айналған - «Менің таңдауым бар» лозунгы да осы жерде көтерілді. Кейбірі қолдарына Конституциядан үзінділер жазылған қағаздарды ұстап жүрді. 

 

 

 

Маршқа шыққандарды Ішкі істер ведомствосының штаттағы қызметкерлері бақылап жүрді. Марш Жібек-Жолы, Панфилов және Төле би көшелерінің бойында өтті. 

Контекст

2019 жылдың наурыз айында 17 жастағы суретші Медина Базарғалиева жалғыз өзі арт-акция өткізген еді. Ол Панфилов көшесінің бойымен жүріп өтіп, алғаш рет «Менің таңдауым бар»,- деп үндеу тастаған. Бұл сөз Қазақстандағы демократиялық наразылықтардың басты ұранына айналды. Арт және экологиялық белсенділер Ася Тулесова мен Бейбарыс Толымбеков «Шындықтан қаша алмайсың» арт-флешмобы аясында осы ұранды баннерге шығарды. Арт-акцияны ұйымдастырғандары үшін олар қамауға алынған болатын. Қазақстандық және халықаралық құқық қорғау органдары оларды «ар-ождан тұтқындары» деп таныды. 

Қазақстанның ірі қалаларында (Алматы, Астана, Шымкент, Орал жəне т.с.с.) жəне əлемдік өңірлерде (Лондон, Нью-Йорк, Рим, Берлин жəне т.с.с.) жүздеген азаматтық, арт-белсенділер мен студенттер қамаудағыларды қолдау акциясын өткізді. Көктемнің соңына қарай «Oyan Qazaqstan» азаматтық және арт наразылық пен арт тобы құрылып, сөз бостандығы мен демократиялық реформаны талап етті. Сондай-ақ олар да тұтқындағыларды қолдау және наразылық акцияларын ұйымдастырып тұрды. 

Қазақстанда көктем және жаз мезгілдерінде 4 мың адам ұсталып, тұтқындалған. Қазақстандық және халықаралық ұйымдар, БҰҰ бұл әрекеттерді ҚР Конституциясы мен халықаралық норма бойынша бейбіт түрде жиналуға еркіндік бермеу, демократияның негізгі принциптерін бұзу деп бағалаған. 2019 жыл Қазақстанда биліктің БАҚ-қа және сөз бостандығына қарсы репрессия уақыты ретінде сипатталды.  Тәртіп сақшылары журналистер мен белсенділерді ерекше назарға алды. Бұдан бөлек Қазақстандағы негізгі әлеуметтік желілер мен мессенджерлер жалпай бұғатталды

 

Жарияланған уақыты: 30 Тамыз, 2019 жыл