Алматыда өткен әйелдер құқығын қорғайтын шеру

Adamdar news DOCA Қазақстан

Алматыда өткен әйелдер құқығын қорғайтын шеру

28 Қыркүйек, 2019 жыл

Алматы, Қазақстан

KAZFEM феминистік тобы әйелдер құқығын қорғауға, гендерлік теңдік пен әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетуге қарсы шеру ұйымдастырды. Шеру 28 қыркүйек күні Алматыдағы «Сарыарқа» кинотеатрының артындағы саябақта өтті. 

Шеруді ұйымдастырушылар KAZFEM гендерлік теңдік пен тұрмыстық және сексаулдық зорлық-зомбылыққа қарсы шеру өткізу үшін осыған дейін 36 рет өтініш беріп, алайда Алматы қалалық билік тарапынан сұранымдары жауапсыз қалғанын айтады. Осыған ұқсас жағдайлар Қазақстанның басқа өңірлерінде де орын алып, мұндай сұрауларға билік тарапынан тиым салынған. Қазақстанда шеру өткізудің хабарламалық емес рұқсаттық түрі іске қосылған. Құқыққорғаушы ұйымдардың пікірінше бұл Қазақстан Конституциясына, БҰҰ пактына және Қазақстанның  ратификацияланған негізгі демократиялық бостандықты сақтаудың халықаралық нормаларына қайшы. 

Кейбір спикерлер бейбіт жиынға еркіндік берілмейтініне шағымданып, шеру өткізудің «рұқсаттық» форматын сынады. Белсенді Арина Осиновская сахнада сөз алып: «Біздің қала орталығындағы көшелерде жүре алмай осында тұрғанымыз дұрыс емес. Келесі жолы мұндайға жол бермеуіміз керек!»,-деді. 
 

Арина Осиновская

 

 

Бұған дейін KAZFEM өкілдері жыныстық теңдік пен әйелдерге зорлық-зомбылық жасауға қарсы азаматтық және көркем акция өткізген. KAZFEM-нің кейбір мүшелері 2019 жылы Астана мен Алматы және Қазақстанның басқа қалаларында көктем мен күзде тұтқындалған азаматтық және арт белсенділерді қолдап, ынтымақтастық акцияларына қатысқан. 

 

 

KAZFEM шеруін қолдауға азаматтық және демократиялық ұйымдар мен арт-топтардың қатысушылары келді. Олардың ішінде азаматтық әрі арт-белсенділер — Айдана Айдархан, Айгуль Нурбулатова, Әлнұр Ильяшев, Тэмуджин Дуйсен және т.б бар. 

 

 

Спикерлер қазақ және орыс тілдерінде сөйледі. Сөз барысында жыныстық теңдіктің негізгі қағидаларының сақталуы, қыз-келіншектер мен әйелдердің қауіпсіздігі, өліммен аяқталған резонанстық жағдайлар мен әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық және сексуалдық зорлық-зомбылық сұрақтары көтерілді. 

 

 

Шеру соңында KAZFEM өкілдері шеру қарарын оқыды. Онда гендерлік теңдікті сақтау, әйелдер мен қыз-келіншектердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ұрып-соғуға қатысты  Қазақстанның Қылмыстық Кодексін қайтаруды талап ету, зорлық жағдайында «қос тараптың мәмілесі» бағдарламасын жою, әйелдердің құқығын қорғап, қылмыскерді жазалауға кепілдік беру шарты қойылған. Сондай-ақ сөз алған белсенділер тұрмыстық зорлық пен зомбылық көрсету, колониядағы әйелдердің жағдайы, жезөкшелікке түскен әйелдерді қылмыскер деп танымау сынды мәселелерді көтерді. Талаптар Қазақстан Президенті мен Қазақстан Республикасы Парламентіне, Алматы әкімдігі мен мәслихатына бағытталған. 

Вероника Фонова

 

«Егер ресми статистикаға сүйенсек бүгін Қазақстанда 4 әйел мен 1 бала зорлыққа ұшырайды. Бұл тек ресми мәлімет, яғни ақпараттың қаншалықты рас екені бізге беймәлім. Мүмкін бұдан екі-үш, он есе көп шығар. Бұл шынында өте қауіпті»,

 — деді сахнада сөз сөйлеген KAZFEM тобының мүшесі Вероника Фонова

28 қыркүйекте Тәуелсіз Қазақстанның 28 жылдық тарихындағы феминисттердің алғаш «рұқсат етілген» шеруі өтті. 

Қазақстан посткеңестік елдер арасында ресми тіркелген әйелдер мен балаларға жасалған сексуалдық зорлық-зомбылық қылмыстарының көшін бастап тұр. «БҰҰ Әйелдер» дерегіне сәйкес Қазақстанда тұрмыстық зомбылық салдарынан жыл сайын 400 әйел өледі. ҚР ІІМ мәліметінше 2018 жылы отбасы-тұрмыс қатынасында жасалған қылмыс саны 103,7% пайызға өскен. ҚР бас прокуратурасы мәлімдеуінше Қазақстанда әйелдерге зорлық-зомбылық көрсету артқан. 2015 жылмен салыстырғанда әйелдер мен балаларға жасалған қылмыс 90 % -ға өскен. 

Жарияланған уақыты: 28 Қыркүйек, 2019 жыл