Алматыдағы  9.11 шеруі

Adamdar news DOCA Қазақстан

Алматыдағы 9.11 шеруі

9 Қараша, 2019 жыл

Алматы, Қазақстан

9 қараша сағат 14:00-де Алматыдағы Абай Құнанбаев ескерткіші алаңы алдында Oyan, Qazaqstan азаматтық қозғалысы шеруі өтті. Шеруге ондаған белсенділер мен көптеген журналистер қатысты.

Шеруде бұған дейін қамауға алынған Айгүл Нұрболатова, Айдана Айдархан, Роман Захаров, Тэмуджин Дүйсенов және өзге де белсенділер бой көрсетті. Сондай-ақ қатысушылар арасынан демократиялық оппозиция өкілі Ғалым Агелеуов, журналист Жанболат Мамай және азамматық белсенді Әлнұр Ильяшев те көзге түсті. Ғалым Агелеуов Қазақстандағы демократиялық, оппозициялық күштер мен балама топтарды бірігуге шақырды. 

Ғалым Агелеуов

Шеруге жиналғандар арасынан «Шындықтан қашып құтыла алмайсың» акциясы авторларының бірі, экологиялық белсенді Ася Тулесова да болды.

Сондай-ақ көпшілік арасында медициналық маскадағы бәз біреулер жүргені байқалды. Олардың жалдамалы адамдар немесе полиция қызметкерлерінен болуы әбден мүмкін. 

 

Шеруге қатысушылар парламенттік республика құруды, сыбайлас жемқорлық пен қуғын-сүргінді тоқтатуды, сөз бостандығы мен жаланы қылмыс деп танымауды, ІІМ реформасын, бейбіт шеруді өткізуде рұқсаттық тәртіпті жоюды, сондай-ақ саяси тұтқындарды босатуды сұрап, сөз алды. 

 

Шерушілер «Оян, Қазақстан», «Парламенттік республика», «Авторитаризм орнына парламенттік республика орнасын», тағы басқа лозунгтарды желбіретті. Сондай-ақ спикерлер саяси демократизация, әйел құқығы мен экологиялық құндылықтарға қатысты, демократиялық таңдау мен бұрмалауға байланысты талаптарын білдірді. 

 

 

Абай ескерткішінің алдында айтылған ұсыныстардан кейін сағат 14:54-те шерушілер сабы Достық даңғылымен жоғары Республика алаңына қарай аяңдады. Олар «Әділ сайлау үшін», «Саяси тұтқындарға бостандық», «Бостандық» деп ұрандап бара жатты.  

 

 

Сағат 15:10-да сап Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументіне жетті. Олар хормен Қазақстанның әнұранын орындады. 

Белсенділер монумент алдында 1986 жылдың желтоқсан оқиғасы құрбандары мен 2011 жылғы Жаңаөзенде атылғандарды еске алды. «Біз қорықпаймыз. Бұл біздің еліміз», — деп дауыстады арт белсенді Ділдә Рамазан

 

 

Сағат 15:20-да шеру аяқталды. 

 


Биыл Абай ескерткіші алды жас белсенділердің наразылық арт-акциясын өткізетін алаңға айналды. 

Алматыдағы Абай ескерткіші 

14 шілдеде Абай Құнанбаев ескерткіші алдында арт-белсенді әрі журналист Айдана Айдархан поэтикалық акция өткізді. 14 шілдедегі акцияда Айдана Айдархан өзінің әкесі ақын, диссидент Арон Атабек пен өзге де саяси тұтқындардың босатылуын талап етті. Акция аясында Айдана Айдархан саяси қуғын сүргінге қарсы ашық мәлімдемесін  жасап, әкесінің өлеңдерін оқыды. Айдананы өлең оқып тұрған жерінен полиция алып кетіп, артынан кінәсін түсіндірместен босатты.  

 

 

18 шілдеде Абай ескерткіші алдына азаматтық белсенді, ақын Рамиль Ниязов арт-акциясын өткізуге шықты. Ниязов Қазақстандағы митинг өткізуді жүзеге асырудың  антидемократиялық “рұқсаттық” форматына қарсылық білдіріп, бұған дейін қамауға алынған және ұсталған белсенділермен бірге екені жөнінде мәлімдеме жасады. Осыдан кейін Рамиль Ниязовты полиция ұстап әкетіп, біраз уақыт тергеуге алды. 

 

 


9 қарашада  Алматы мен Астанада өткен шеру жайлы Oyan, Qazaqstan және Respublika азаматтық қозғалыстары өз әлеуметтік желілері мен каналдарында алдын ала хабарлаған болатын. 

Ілеспе хатта келесідей мәлімдеме жасалған:

«Шеру мақсаты - саяси реформаның қажеттілігі туралы мәлімдеу. Бір президент пен Нұр Отан партиясының  28 жылдық билік монополиясынан кейін елдің президенттік басқару моделі мен экономикасы күйреді. Қоғамның көпшілігі кедей, санаулысы аса бай топтарға жарылды. Экономикалық мүмкіндіктер тек биліктегілерге тиеслі, жаппай жемқорлық өмірдің барлық саласын қамтуда. Қоғамның болшаққа сенімі жоқ. Біздің амандығымыз, қауіпсіздігіміз, сондай-ақ бүгінгіден жақсырақ өмір сүруге мүмкіндігіміз еліміздегі саяси реформамен тікелей байланысты. Сондықтан біз президенттік уәкілеттілікті шектеу мен парламенттік республикаға өтуде бірізділік талабымызды білдіреміз. Бұл саяси қарсыластық, әділ сот, есеп беретін үкімет және жалпыға бірдей экономикалық мүмкіндіктер қарастырылған болашаққа ауысудағы ең тиімді саяси бастау болмақ. Азаматтық және саяси құқықтарға қатысты Ата Заңға әрі Халықаралық келісімдерге сәйкес міндеттерін биліктің есіне салып, бейбіт шерушілерді арандатушылықтан қорғауды қамтамасыз етуін сұраймыз.»

Қосымша мәтін

2019 жылдың наурыз айында 17 жастағы суретші Медина Базарғалиева Панфилов көшесімен жүріп, алғаш рет «Менің таңдауым бар», — деп ұрандап  жалғыз кісілік арт-акция өткізген болатын. 

21 сәуір. Айгуль Нурбулатова, Бейбарыс Толымбеков, Суинбике Сулейменова, Ася Тулесова

Бұл сөз тіркестері Қазақстандағы демоктратиялық наразылықтың бірден бір слоганына айналды. Сондай-ақ бұл сөздер арт-экологиялық белсенділер Ася Тулесова мен Бейбарыс Толымбековтың «Шындықтан қашып құтыла алмайсың» атты арт-акциясы аясындағы баннерге жазылды. Арт-акция өткізгені үшін Ася Тулесова мен Бейбарыс Толымбековты полиция ұстап, тұтқынға алды. Қазақстандық және халықаралық құқық қорғау ұйымдары оларды ар-ұждан тұтқыны деп атады. Қазақстанның ірі қалалалары (Алматы, Астана, Шымкент, Орал және т.б) мен әлемнің түкпір-түкпірінде (Лондон, Нью-Йорк, Рим, Берлин және т.б) жүздеген азаматтық, арт-белсенділер мен студенттер қамалғандарды қолдап ынтымақтастық акциясын өткізді. 

Көктемнің соңына қарай азаматтық әрі арт наразылық «Oyan, Qazaqstan», «Республика» және түрлі арт-топтарға ұйымдасып, сөз бостандығы, демократиялық реформа мен репрессияны тоқтатуда талабы бір топтарға айналды.  Олар қамауға алынған белсенділермен бірге ынтымақтастық және наразылық акциясын өткізе бастады. 

Қазақстанда көктем мен жаз маусымында мыңнан астам азамат ұсталып, қамауға алынған. Қазақстан мен халықаралық ұйымдардың және БҰҰ пікірінше бұл жауапқа тарту әрекеттері негізгі демократиялық принциптерді, ҚР Конституциясын және бейбіт шеру еркіндігінің халықаралық нормаларын бұзу деп саналды. Сондай-ақ 2019 жыл Қазақстанда биліктің БАҚ пен сөз бостандығына қарсы репрессия жүргізгендігімен сипатталды. Журналистер мен белсенділерге қарсы полиция, арнайы бөлімше, «жалдамалылар» жұмыс істеді. Бұдан бөлек Қазақстандағы негізгі басты әлеуметтік желілер мен мессенджерлер жаппай бұғатталды. 
 

Барлық фотосуреттер — ÅDÅMDÅR/CA 
ÅDÅMDÅR/CA алынған жазбаша келісім бойынша ғана қолдануға рұқсат

Жарияланған уақыты: 9 Қараша, 2019 жыл