Алматыдағы митинг. Фоторепортаж

Adamdar news DOCA Қазақстан

Алматыдағы митинг. Фоторепортаж

Суреттер: Тимур Нусимбеков, Малика Ауталипова

30 Маусым, 2019 жыл

Алматы, Қазақстан

30 маусым күні Алматыдағы «Сарыарқа» кинотеатры артындағы саябақта еркін жиналыс пен демократиялы реформаларды талап еткен митинг өтті. Митингтің өтуіне қоғам белсендісі Әлнұр Ильяшев ұйытқы болды.

Ильяшев бұған дейін Алматы әкімдігіне бейбіт митинг өткізу үшін 35 рет өтініш жолдаған. Ильяшевтің бұған дейінгі өтініштерінің барлығын билік кері қайтарған. Белсенді азамат бейбіт митинг өткізуге рұқсат бермегені үшін Алматы әкімдігін сотқа беріп, жеңіліс тапқан. 36-рет тапсырған өтінішіне рұқсат берілді. 

Саябаққа тиесілі аймаққа  қарулы әскер жасағы және арнайы техника: патруль көлігі, микроавтобустар, автозак және эвакуаторлар әкелінді.

 

 

Митингіге жүзден аса адам жиналды. Келгендердің ішінде демократиялық, экологиялық және феминистік қозғалыс пен бірлестіктердің өкілдері болды. Жартысынан көбін жастар құрады. Оның ішінде креативті топқа жататын суретшілер, музыканттар, кинематогрофистер, дизайнерлер көп болды. Митингіге келген көпшілік қазақ, орыс және ағылшын тілінде жазуы бар плакаттар, баннерлер мен транспоранттар ұстап тұрды.
 
Митингі басында адамдар жиналып жатқанда, аудио зорайтқыштан КИНО тобының «Перемен!», Әнуар Нұрпейісовтың «Песня им. Назарбаева» және алматылық инди-топ «Опианың» «Я умираю в Нур-Султане» әндері қойылды.

 

 

Бейбіт шеру мен жиналыстарға шақырудан және оларды ұйымдастыру үшін рұқсат  сұраудан бас тартуға үндеуден бөлек, саяси реформалар, Қазақстанда АЭС құрылысына тиым салу, саяси тұтқындарды босату, полицияның еркін шерулерді  тоқтату саясатын доғару, адамдарды заңсыз қамауды тоқтату ұрандарды көтерілді.

 

 

 

Митингіде сөз алғандардың ішінде қоғам қайраткері Рысбек Сәрсенбаев, белсенді Ася Тулесова, журналист Ермұрат Бапи, құққықорғаушы Маржан Аспандиярова, ақын Самат Джамаев, журналист Әсем Жапишева және тағы басқалары болды. Митинг соңында қатысушылар Қазақстанның мемлекеттің әнұранын орындады.

 

 

 

 

 

 

 

В финале митинга люди исполнили государственный гимн Казахстана.

 

 

 

Суреттер: Малика Ауталипова, Тимур Нусимбеков

Жарияланған уақыты: 30 Маусым, 2019 жыл