Алматылықтар дәрігерлерді қолдауда

Бірге Қазақстан

Алматылықтар дәрігерлерді қолдауда

2 Сәуір, 2020 жыл

Алматы, Қазақстан

Алматыда COVID-19 пандемиясы мен қалада жарияланған төтенше жағдай аясында дәрігерлерге, медбикелерге, фельдшерлер мен басқа да медицина қызметкерлеріне қолдау көрсетуді ұйымдастыратын Aq Júrek тәуелсіз қоғамдық тобы құрылды. Adamdar/CA командасы да бұл қайырымдылық бастамасына қосылды.

Ресми ақпарат бойынша 2 сәуірдің 16:00 уақытына Қазақстанда коронавирус жұқтырған 402 науқас тіркелген, 3 адам қайтыс болды. Індет жұқтырғандар қатарында медицина қызметкерлері де бар. 

Логотип: Жанар Серикпаева

Aq Júrek ресми парақшасынан мәтін: 

«Aq Júrek — бұл таза және жарқын жүрек. Aq Júrek — бұл мейірімді адам. Aq Júrek — бұл өзгелерге қиын жағдайда қол ұшын беретін азамат. Aq Júrek — бұл жұқпалы аурулар ауруханасындағы дәрігер мен медбике. Aq Júrek — бұл ауқатсыз адамдарға көмек беретін ерікті. Aq Júrek — бұл шұғыл шақыруға асығатын жедел жәрдем қызметкері.

Біз сүйікті қаламыз Алматыда көптеген жүрегі жылы әрі жарқын адамдар бар екенін білеміз. Осы күндер мен осы апталарда коронавируспен күрестің алдыңғы қатарында дәрігерлер, медбикелер, фельдшерлер мен басқа да медицина қызметкерлері еңбектенуде. Алматылық дәрігерлерге Қазақстанның басқа қалалары мен облыстарынан да әріптестері көмекке келіп жатыр.⠀

Дәрігерлер стресс пен қиыншылық күннен күнге өсіп жатқан жағдайда жұмыс істеуде. Мыңдаған дәрігерлер мен медбикелер қазір демалыссыз жұмыс істеп, тіпті «казармалық» режимге өтті. Қауіпті әрі қиын жұмыстары үшін олардың ұйықтауға да, тынығуға да уақыттары жоқ. Басқа адамдар үйде қалу үшін дәрігерлер жұмыста қалды.⠀

Басқа адамдар үйде қалу үшін дәрігерлер жұмыста қалды

Осындай қиын кезеңдерде медицина қызметкерлері қоғам қолдауына әсіресе мұқтаж. Aq Júrek тәуелсіз қоғамдық тобы дәрігерлер, фельдшерлер, медбикелер, жедел жәрдем және өзге де медицина қызметкерлеріне арнап қаражат жинауды жариялайды. Бар қаражат медицина қызметкерлеріне алматылықтар мен Қазақстанның өзге қалалары атынан қосымша тамақтануды ұйымдастыруға, жемістер мен көкөністерді жеткізуге және басқа да көмектерге бағытталады.

 

Иллюстрация: Qańtar Samal

Жәрдемді мына жерге жібере аласыздар:⠀

(KZT)⠀

Kaspi Gold 5169 4971 4962 6503

немесе

Общественный Фонд «Тауасар фонд»⠀
БИН: 150840010917 ⠀
ИИК: KZ378562203100077022⠀
БИК: KCJBKZKX ⠀
АО «Банк ЦентрКредит»⠀

(USD)⠀

ОФ Тауасар фонд⠀
БИН: 150840010917 ⠀
ИИК: KZ138562203203108138⠀
БИК: KCJBKZKX ⠀
АО «Банк ЦентрКредит»⠀ ⠀

#AqJúrek #OpenHeart #ДобрыеСердца #BatyrDárigerler #ВрачиГерои #Heroes #RahmetDarigerler #СпасибоВрачам #Solidarity #Almaty #Qazaqstan»

Бастаманың ұйымдастырушылар кеңесіне Ажар Джандосова, Сурия Есентаева, Асель Керимбекова, Тимур Нусимбеков және Досым Кыдырбаев кірді. 

Aq Júrek ресми парақшалары:

Facebook

Instagram

Жарияланған уақыты: 2 Сәуір, 2020 жыл