Астана мен Алматыда өткен Талдыкөлді қорғау акциясы Астана мен Алматыда өткен Талдыкөлді қорғау акциясы

Adamdar news DOCA JerSu Қазақстан

Астана мен Алматыда өткен Талдыкөлді қорғау акциясы

Фото: Бауыржан Бисмильдин

1 Қантар, 2022 жыл

Алматы–Астана, Қазақстан

1 қаңтарда суретшілер мен эко-активистер Астана мен Алматы қалаларында Талдыкөл көлінің жойылуына, қолдан суалдыруға қарсы «Төкпе»  атты синхронды перформанс  ұйымдастырды. Орысша «Не засыпай» деп атау арқылы экобелсенділер көпшілікке «көлге топырақ төкпе» әрі «ұйықтама» деген ой тастады. Бұл шара қос қаланың әкімшілігінің алдында өткізілді. 

 

 

#SOSTaldykol қозғалысының белсенділері бұл перформанс туралы былай дейді: 

«Суретшілер қоғамдастығы екі қалада 2022 жылдың алғашқы күні „Төкпе“ перформансын ұйымдастырды. Жаңа жылдың алғашқы күні, жаңа қуатпен астанадағы кіші Талдыкөлді жоюға қарсылығын жұртқа осылай жеткізді. Әкімшіліктің рұқсатымен құрылыс нысанын салушылар алапат қарқынмен мұз боп қатып жатқан көлдің үстін құрылыс заттарымен заңсыз  толтыруға тырысып жатыр.

 

 

Қазір көл бетінде құрылыс жұмысы жүргізілмеген жер қалмады, тіпті суы терең жерлер де сау қалған жоқ. Қарқынды дамыту, президент жолдауы, халықаралық конвенциялар – бұлардың бәрі кіші Талдыкөлге келгенде қақырай жеңіліп жатыр, солай үлкен бір аумақтың құнды экожүйесі бұзылуда.»

 

 

Бірнеше айдың жүзі болды, #SOSTaldykol қазақстандық бастамашыл тобының қатары көбейіп, оларға жергілікті тұрғындар,  суретшілер, экологтар, зерттеушілер, архитекторлар, заңгерлер, журналистер қосылып, Талдыкөлді  қолдан заңсыз суалдыру мен онда құрылыс нысандарын салуға қарсылық білдіріп жатыр. 

 

 

Vlast.kz тәуелсіз интернет басылымының зерттеуіне сүйенсек, Талдыкөлде жүріп жатқан құрылыс нысаның иесі  –  «ірі шенеуніктердің туысы, олар еліміздегі бас партиямен байланысы бар мәслихат депутаттары» екен.

 

Жарияланған уақыты: 1 Қантар, 2022 жыл