Астана мен Өскеменде «ШЫҒЫС: ЖЕР, СУ, АУА» атты деректі фильм көрсетілімі өтеді

Adamdar news DOCA JerSu Қазақстан

Астана мен Өскеменде «ШЫҒЫС: ЖЕР, СУ, АУА» атты деректі фильм көрсетілімі өтеді

22 Ақпан, 2024 жыл

Өскемен / Астана, Қазақстан

іс-шара: «Шығыс: жер, су, ауа» деректі фильм көрсетілімі және сарапшылар мен белсенділер қатысатын ой-талқы
уақыты: Өскемен — 26 ақпан, 19:00 | Астана — 1 наурыз, 19:00

орны: Өскемен — Lewel coworking | Астана — Ramada by Wyndham Astana, Алатау залы

Өскемен мен Астана қаласында «Шығыс: жер, су, ауа» қысқаметражды деректі фильмінің көрсетілімі өтеді. Фридрих Эберт Қоры және ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар Офисінің қолдауымен түсірілген бұл картинада Шығыс Қазақстан облысының экологиялық мәселелері баяндалады.

Фильмді жасау барысында, біз, Adamdar/CA командасы, Шығыс Қазақстан облысының бірнеше ауданын араладық. Өңірдегі су және ауа мәселелерін жақсырақ білу үшін сарапшы, белсенділермен және тұрғындармен сұхбаттастық. Фильмнің тұсаукесері 2023 жылы 13 желтоқсанда Алматыда өтті.

Шараның екінші бөлімінде Қазақстандағы ауаның ластану деңгейі, су ресурстары мәселесі жайында сарапшылармен бірге ой-талқы өтеді.

 

Өскемедегі іс-шара бағдарламасы:


Астанадағы іс-шара бағдарламасы:

Орын саны шектеулі, сондықтан міндетті түрде тіркелу қажет. Тіркелу үшін сілтемені басыңыз:
Өскемен, 26 ақпан
Астана, 1 наурыз

Өтетін орны:
Өскемен
Lewel coworking
Буров көшесі, 8/1а

Астана
Ramada by Wyndham Astana, Алатау залы
Бейбітшілік көшесі, 8

Іс-шара Фридрих Эберт Қоры және ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар Офисімен бірлесе ұйымдастырылған.

Жарияланған уақыты: 22 Ақпан, 2024 жыл