Adamdar news Қазақстан

Тәжік әндерінің Алматыдағы қайырымдылық концерті

8 Наурыз, 2019 жыл

Алматы, Қазақстан

іс-шара: Тәжік әндерінің қайырымдылық концерті
уақыты: 31 наурыз, 19:00
орны: Республика Сарайы (Алматы, Қазақстан)

Тәжікстан Республикасының елшілігі мен Алматыдағы UNESCO Кластер бюросының қолдауымен 31 наурыз күні Тәжік әндерінің қайырымдылық концерті өтеді. Концертте Тәжікстанның танымал өнер қайраткерлері: Парвин Юсуфи, Дамирбек Олимов, Нигина Амонкулова, Фируз Паллаев және Қазақстанның музыканттары өнер көрсетеді. 

Билеттен түскен қаржы Алматыдағы Балалар хосписіне УДЗ-сканер сатып алу үшін жұмсалады. Бұл аппарат онкологиялық аурудың барысын қадағалап отыру үшін аса қажет. Хоспистегі тұрғындар өздерінде болмаған соң УДЗ-тексеруді қазір медициналық орталықтарда ақылы түрде өтіп жүр.

Билеттерді сілтеме бойынша сатып алуға болады. Бағасы — 6000 теңгеден басталады.

Адрес:
Республика сарайы
Абая даңғылы, 56
Алматы, Қазақстан

 

Жарияланған уақыты: 8 Наурыз, 2019 жыл