Терезедегі қыз

5 Тамыз, 2017 жыл

Боржоми, Грузия

Сол күні мен және тағы бір қыз, Яна, Бакуриани жаққа қарай бара жатқанбыз, Бізді Тамара, хостел иесі, қонаққа шақырған. Ол Дидвели шаңғы базасында жұмыс істейтін. Біз Боржомиден Сталин көшесімен келе жаттық. Көше бойында жақында ғана өмір қайнап жатқан, ал қазір қаңырап бос қалған үйлер көп еді. Көрініс адамдардың бай тұрмағанын меңзегендей.  Терезе алдында кітап оқып отырған қыз қатты ұнады, құдды бір кинодағыдай әсер қалдырды.

Суретке түсірген: Балнур Нусипова

Жарияланған уақыты: 9 Сәуір, 2018 жыл