Jana Cekara кинофестивалі режиссерлер мен өнер қайраткерлеріне ашық шақыру жариялайды
Иллюстрация: Таир Табиев

Adamdar news Қазақстан

Jana Cekara кинофестивалі режиссерлер мен өнер қайраткерлеріне ашық шақыру жариялайды

23 Маусым, 2023 жыл

Алматы, Қазақстан

Шығыс Түркістанның өңірінің өмірі туралы Jana Cekara кинофестивалі 2023 жылдың қыркүйегінде Алматыда өтеді. Фестиваль тобы бүкіл Орталық Азияның кинематографистері мен суретшілерін ұйғырлар және Шығыс Түркістандағы басқа да түркі халықтарының мәдениеті мен өмірі туралы шығармашылықтары мен ой-толғауларымен бөлісуге шақырады.

Өткен жылы фестивальде қазақстандық киногерлердің фильмдері: Тілек Ырысбектің «Жұмагүлдің әлемі. Малшы өмірі», «Имам және гәнмәнпи», «Жазылымдар», Ядықар Ибраимовтың «Дина», «Үйге хат», Қанат Бейсекеевтің «Шығыс Түркістан: бостандық құқығы», Таңбоштың «Red Hill Playback: Part 1», сондай-ақ Зарина Мұқанова мен Руне Стеенбергтің «Stories from inside the Xinjiang camps» атты қазақ-неміс жобасы, Базла Саминнің «A song of resistance» және Джек Вольфтың «Moustache dispute» көрсетілді.

2022 жылы Jana Cekara кинофестивалі шағын ұжымның бастамасымен өтті: көпсалалы суретші Медина Базарғали, азаматтық белсенді, зерттеуші Равқат Мұхтаров және әлеуметтік антрополог Зарина Мұқанова.

Jana Cekara мәдени фестивалінің мақсаты – Шығыс Түркістанды Орталық Азияның ең маңызды бөлігі ретінде таныту. Команда Шығыс Түркістан тақырыбына назар аударуды, хабардарлықты арттыруды және қазіргі кинорежиссерлер мен суретшілердің визуалды зерттеулері туралы ой толғау және талқылау алаңын қамтамасыз етуді мақсат етеді.

Jana Cekara 8-10 қыркүйек аралығында Қазақстанның Алматы қаласында өтеді. Фестивальде таңдаулы фильмдердің көрсетілімі, сондай-ақ әртүрлі форматтағы өнер туындыларының көрмесі, лекциялар мен панельдік пікірталастар ұйымдастырылады. 

Қатысуға қалай өтінім беруге болады?

  • Тақырыпта «Open call» жазып, jana.cekara2022@gmail.com электрондық поштасына хат жіберіңіз
  • Қысқаша өмірбаяныңыз және фильміңіздің сипаттамасын қосыңыз
  • Жұмысыңызға сізге ыңғайлы платформасындағы сілтемені тіркеңіз

Дедлайн: 2023 жылдың 15 шілдесі

Иллюстрация: Медина Базарғали

Фестиваль жайлы толығырақ ақпарат @jana.cekara Instagram парақшасында таба аласыз

Жарияланған уақыты: 23 Маусым, 2023 жыл