«Көргөзмә/Көрсетпе»: Шығыс Түркістанның мәдениеті мен өмірі туралы көрме

Adamdar news Қазақстан

«Көргөзмә/Көрсетпе»: Шығыс Түркістанның мәдениеті мен өмірі туралы көрме

20 Қазан, 2023 жыл

Алматы, Қазақстан

оқиға: «Көргөзмә/Көрсетпе» көрмесі
уақыты: 20 қазан — 5 қараша
өтетін орны: 101 Dump Gallery арт кеңістігі (Алматы, Қазақстан)

Алматыда 20 қазанда Шығыс Түркістанның өмірі мен мәдениетіне арналған «Жаңа Шекара» фестивалі аясында «Көргөзмә/Көрсетпе» көрмесі ашылады. 

«Жаңа Шекара» кинофестивалі 2022 жылынан бастап өтеді. Биыл кинофестиваль тобына құқық қорғау органдары тарапынан жанама қысым жасалып, фестиваль онлайн форматқа көшуге мәжбүр болды. Онлайн фестиваль 8-15 қыркүйек аралығында өтті.

«Көргөзмә/Көрсетпе» көрмесі дарынды ұйғыр және қазақ суретшілерін қолдауға, әртістердің өз өнерін көрсетуге арналған алаң ұсынады. Көрмеге қатысатын авторлар: Рашида Дильшат, Назугум Бахтиярова, Руқия Фархадова, Юлдус Садик, Таир Табиев, Интизор Отаниёзова, Айна Кенжебатырова, Еламан Мұқтархан, Мұрагер Шәріпқан, Тілек Ырысбек.

Көрме цензура мен саяси қысым мәселелерін қозғауға, сондай-ақ ұйғыр және қазақ суретшілері жасаған жас өнердің дамуына қолдау көрсетуге және назар аударуға бағытталған. Бұл көрме тек шығармашылықты көрсететін алаң ғана емес, сонымен қатар белсенді қарсылық таныту. Сөз бостандығы мен шығармашылыққа тиым салуға наразылық білдірудің бір түрі.

Көрме ашылуы: 20 қазан, 18:00
Жұмыс кестесі: күн сайын 12.00-ден 22.00-ге дейін (дүйсенбі — демалыс)

Көрме барысында artist talks және қоғамдық дәрістер жарияланады.

Толығырақ — «Жаңа шекара» фестивалінің инстаграмдағы парақшасында.

Мекенжайы:
101 Dump Gallery арт-кеңістігі
Панфилов көшесі, 101
Алматы, Қазақстан

 

Жарияланған уақыты: 20 Қазан, 2023 жыл