«Көшпенділер өзені» деректі фильмі YouTube-қа шықты

DOCA JerSu

«Көшпенділер өзені» деректі фильмі YouTube-қа шықты

5 Қазан, 2021 жыл

«Өзендер — кеңістіктің жазушысы сияқты, олар өзімен бірге
адамдардың тағдыры, аңдардың, тіпті өзіне таныс
қара тастың да тарихын толқынына жазып, ала кетеді.
Adamdar/CA-дағы достарым жасаған жаңа фильм —
Шудың ағысымен жүріп, Орталық Азия көшпенділері
мәдениетінің көзіндей болған өзеннің хәл
үстінде жатқан бүгінгі кейпін танытады.» 

Пол Салопек

«Көшпенділер өзені» деректі фильмі — бұл мәдени-зерттеу экспедиция барысында түсірілген фильм. 2021 жылдың мамыр айында Adamdar/CA командасы қос елдің саяхатшылар, суретшілер, документалистерінің басын қосып, өзінің арнайы JerSu экомәдени жобасы аясында Қырғызстан мен Қазақстан аймағында орналасқан Шу өзенін бойлай экспедияцияға шықты.  

Топ Қырғызстанның Нарын облысында биік таудың құзар басынан бастау алып, Қазақстанның Жамбыл облысында құмды жерде аяқталатын Шу өзенін бойлай 2500 шақырымнан астам жол жүрді. Сапар барысында шығармашылық топ өзен жайлы, оның жер бетіндегі маңызы, өзен жағасын жайлай қонған адамдар, кешегі-бүгінгі  һәм ертеңгі тарихы жайлы көптеген қызық деректерге қанықты. Олардың бірсыпырасы «Көшпенділер өзені» деректі фильміне арқау болды. 

Фильмнің алғашқы премьерасы 2021 жылдың маусымында Go Viral фестивалінде көрсетілді. Сондай-ақ 2021 жылдың қыркүйек айында Бішкекте (Қырғызстан Республикасы) ololoErkindik арнайы көрсетілімінде және Алматыда (Қазақстан) көпшілікке ұсынылды. 

 

Фильмді орыс және ағылшын тілінде де көруге болады. 
 

Жарияланған уақыты: 5 Қазан, 2021 жыл