Мадина Жолдыбекованың «Жан толқытар күйлер» атты жеке көрмесі

Adamdar news Қазақстан

Мадина Жолдыбекованың «Жан толқытар күйлер» атты жеке көрмесі

9 Тамыз, 2021 жыл

Алматы, Қазақстан

Іс-шара: Мадина Жолдыбекованың «Жан толқытар күйлер» көрмесі
Уақыты: 13 тамыз - 3 қыркүйек 
Орны: ДОМ 36 (Бəрібаев көшесі, 36, Алматы қаласы, Қазақстан) 

Суретші: Мадина Жолдыбекова

13 тамыз күні Алматыда Мадина Жолдыбекованың алғашқы жеке көрмесі ашылады. «Жан толқытар күйлер» атты экспозицияда иллюстрация, тоқыма өнері, видео жəне инсталляция техникасы арқылы жасалған жаңа туындылар көрсетіледі. Көрме ана болу тəжірибесін, сондай-ақ ана мен бала арасындағы біркелкі емес қарым-қатынасты түсінуге жəне репрезентациялауға бағытталған. Өзінің жұмыстары арқылы қазақстандық суретші аудиториясымен әділ әңгімені бастайды, оны мазалайтын сұрақ мынау: нəрестенің дүниеге келуі кез келген əйелдің жалғыз бақыты, оның шынайы мақсаты екені қаншалықты шындыққа жанасады?

Adamdar/CA-ге берген комментариінде Мадина Жолдыбекова алдағы өтетін көрмесі және оның мәні жайлы ойларымен бөлісті:

«Көрменің мақсаты – ана болудың артында не тұрғанын ашып көрсету. Аналықты әсерлендіретін мифтер, қоғамның қысымы, иллюзиялардың құлауы жайлы. Сыртында алқызыл перде, ал ішінде бітпейтін, шаршататын ауыр физикалық және ақылақтық еңбек. 

Ұзақ мерзімді келешекте қазақстандықтар некеге ерте тұрмай, қалаулы емес балалар аз болу үшін, бақытты ұрпақ өсіру үшін эмоционалды жетілулерімен жұмыс істесе екен деймін (біздің ел әлем бойынша ажырасу статистикасында алғашқы ондыққа кіреді). Мемлекет аналарға жәрдемақыны көбірек әрі бала туғаннан бастап бір жыл бойы емес, одан ұзағырақ мерзім бойы берсе екен деймін, себебі аналар тегін еңбекпен айналысуда, олар адами капиталды өсіріп жатыр. Босанудан кейінгі жабығуға байланысты стигма жойылса екен. Еркектер ата-ана болуға жақсырақ қосылса екен. Әйелдер аналықты романтизацияламай, шындықты жиірек айтса, көмек сұраудан ұялмаса екен деп тілеймін.» 

Суретші жайлы

Мадина Жолдыбекова 1991 жылы Жезқазған қаласында туған. Қазіргі уақытта Нюрнбергте тұрады жəне еңбек етеді. Суретші қалың қауымға 2019 жылы Қазақстандағы саяси-әлеуметтік ахуалды дәл көрсететін сатиралық иллюстрацияларын өзінің Instagram парақшасында жариялау арқылы танымал болды. Мадинаның жұмыстары әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, Қазақстанда 2019 жылдың көктемінде болған оқиғалардың жарқын визуалды нышанына айналды. Сол кездереде Adamdar/CA-ге берген сұхбатында Мадина Жолдыбекова өзі жайында, өзінің тәжірибесі жайында, ана болуы және шабытының көздері жайында айтып берген. Толық оқиғаны сілтеме бойынша оқуға болады. 


Көрме мерзімі: 2021 жылдың 13 тамызынан 3 қыркүйегіне дейін
Вернисаж: 13 тамыз күні, сағат 18:00-де 

Көрме кураторы – Ділдə Рамазан. Көрме жобасы аясында барлық тілек білдірушілер үшін кураторлық экскурсиялар, суретшімен кездесу (артист-толк) және психотерапия саласындағы транзакциялық талдаушы Элина Беляевамен вебинар өтеді. 

Мекен-жай:
ДОМ кеңістігі (үлкен зал)
Бəрібаев көшесі, 36, Гоголь көшесінің бұрышы
Алматы, Қазақстан

Эпидемиялық жағдайға байланысты экспозицияға Ashyq қосымшасымен ғана кіруге болады.

Жарияланған уақыты: 9 Тамыз, 2021 жыл