16 желтоқсанда Алматыдағы Республика алаңында қуғын-сүргінге қарсы және Желтоқсан-1986 мен Жаңаөзен-2011 оқиғаларының құрбандарын еске алу шеруі өтті. Шеруге белсенділер, жас өнер мен мәдениет өкілдері, сондай-ақ экологиялық қозғалыстар мен топтардың мүшелері қатысты.
22 қарашада Oyan, Qazaqstan азаматтық қозғалысы ресми аккаунтында 16 желтоқсанда болатын шеруді хабарлап, мәлімдеме жасады:
«Біз биліктің азаматтарға қарсы саяси зорлық-зомбылығын тоқтатуымыз керек.
Желтоқсан ызғарынан кейін 33 жыл, Жаңаөзендік ереуілшілер аяусыз қырғынға ұшыруынан кейін 8 жыл өткен соң, біз, жас әрі еркін азаматтар, тарихи алаңға, авторитарлық террордың көптеген құрбандарын еске алу үшін шығамыз және қазақстандықтарға қарсы репрессияны тоқтатуды талап етеміз…»
15 желтоқсанда Oyan, Qazaqstan шерудің басқа да мақсаттары айтылған пост жариялады:
«Біз 16 желтоқсан күні сағат 12:00 де зұлымдыққа шектеу қою үшін бейбіт шеруге шығамыз. Біз демократиялық, еркін елде лайықты өмір сүру үшін өз құқығымызды қорғаймыз. Біз сөз бостандығы мен бейбіт шеруді қолдап шығамыз.
1986-ның желтоқсанында жастар осылай жасаған, 2011 жылы Жаңаөзендегі жұмысшылардың да әрекеті дәл осындай болған.»
Таңертең Респулика алаңы аумағы мен іргелес көшелерді торуылдауға полиция мен күштік құрылымдық мекемелер тартылған.
Осы ауданда сағат 11:40 та журналист әрі қоғам қайраткері Жанболат Мамай бастаған «Қазақстан демократиялық партиясын» жақтаушылар легі Желтоқсан көшесімен Тәуелсіздік монументіне қарай келді.
«Қазақстанның демократиялық партиясын» жақтаушылар Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойып, Желтоқсан-1986 және Жаңаөзен-2011 құрбандарына құран бағыштады.
Сағат 11:55 шамасында Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументіне Oyan, Qazaqstan азаматтық қозғалысының белсенділері мен оның бірнеше ондаған жақтаушыларынан құралған топ жетті.
12:00 де Oyan, Qazaqstan қозғалысы белсенділері түрлі слогандар мен тіркестер жазылған плакаттарын көтерді: «От авторитаризма к весне», «Ұмытылмас 1986 2011», «Слово должно быть свободно», «НАН ұрсын, я не экстремист», «Казахстан без Назарбаевых», «Парламентская республика», «Дайте дорогу молодым», «#Ұмытылмас #Желтоқсан #Жаңаөзен», «Наша свобода сильнее всех тюрем» «Хочу, чтобы мой голос что-то значил», «Свободу политзаключенным», «29 лет тирании», «Мафия засыпает, просыпаются мирные граждане», «Көктем жақындап қалды».
Oyan, Qazaqstan белсенділері плакаттарын ашқаннан кейін қызыл дәке мен таңғыш байлаған оң қолдарын бір мезетте көтеріп арт-акция жасады. Бұл акция 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасы мен 2011 жылы Жаңаөзендегі желтоқсан қанды қырғынында мерт болғандар мен жарақат алғандардың төгілген қанын сипаттады.
Oyan, Qazaqstan белсенділері жарты сағат бойы кезекпен сөз алып, саяси тұтқындарды босатуды, парламенттік республика құруды, сөз бостандығы мен елді демократизацияға шақыру, сондай-ақ зұлымдықты тоқтату шарттарын талап етті. Арагідік белсенділер «Оян, Қазақстан», «Назарбаевсыз Қазақстан» «Парламенттік республика», — деп дауыстады.
2 сағат ішінде Тәуелсіздік монументі жанына жекелеген топтар мен адамдар жиналып түрлі лозунгтар айтты. Әсіресе Қазақстанда қуғын-сүргін мен зомбылық бітсе деген, демократизация мен еркіндікке шақырған үндеу басым болды.
Сағат 14:40 шамасында Oyan, Qazaqstan белсенділері мен басқа да адамдар Желтоқсан көшесімен төмен түсті. Белсенділер қозғалысы жол бойы «Оян, Қазақстан!», «Алға, Қазақстан!», — деп ұрандады.
15:15 те 200-ден астам адамнан құралған сап Абылай хан көшесіне бұрылды.
Сағат 15:20 да Абылай хан мен Қарасай батыр көшелерінің қиылысында полиция мен арнайы жасақ белсенділерді ұстай бастады. Полиция мен полиция арнайы бөлімшесі онға жуық адамды ұстады.
Тұтқындалудан қашқан белсенділердің бір бөлігі Астана алаңына (Ескі алаң) қарай ұмтылды. Алаң аумағын полицияның қалың күші мен арнайы көліктері, полиция мен арнайы бөлімше автобустары қоршаған.
Ұсталғандар Алматы полиция бөлімшелеріне жеткізілді. Oyan, Qazaqstan қозғалысы белсенділері, журналистер, тұтқындалғандардың достары мен туыстары, тағы басқа да азаматтар Медеу АІІБ жиналып қамаудағылардың босап шығуын күтті. Жиналғандар ауық-ауық «Бостандық!», «Заңсыз тұтқындалғандарға бостандық», «Ата Заңға қайшылық жасап жатсыздар», — деп дауыстап, хормен ұсталғандардың атын атады.
Сағат 17:15 те Медеу АІІБ Oyan, Qazaqstan қозғалысы белсендісі Айзат Әбілсейітованы екі сағаттан кейін босатты. Қорғаушылар бұрынғыша ғимараттың табалдырығын аттай алмады.
18:05 шамасында Медеу АІІБ Oyan, Qazaqstan қозғалысының басқа белсенділерін де босатты.
16 желтоқсан күні ұсталғандардың нақты саны белгісіз. Кейбір мәліметтерде сәйкес осы күні шеруге қатысқан көптеген азаматтық белсенділер әлі де тұтқында отыр. Олардың арасында әкімшілік жазаға тартылғандары да бар.
Қосымша мәтін
2019 жылдың наурыз айында 17 жастағы суретші Медина Базарғалиева Панфилов көшесімен жүріп, алғаш рет «Менің таңдауым бар»,-деп ұрандап жалғыз кісілік арт-акция өткізген болатын. Бұл сөз тіркестері Қазақстандағы демоктратиялық наразылықтың бірден бір слоганына айналды. Сондай-ақ бұл сөздер арт-экологиялық белсенділер Ася Тулесова мен Бейбарыс Толымбековтың «Шындықтан қашып құтыла алмайсың» атты арт-акциясы аясындағы баннерге жазылды. Арт-акция өткізгені үшін Ася Тулесова мен Бейбарыс Толымбековты полиция ұстап, тұтқынға алды. Қазақстандық және халықаралық құқық қорғау ұйымдары оларды ар-ұждан тұтқыны деп атады. Қазақстанның ірі қалалалары (Алматы, Астана, Шымкент, Орал және т.б) мен әлемнің түкпір-түкпірінде (Лондон, Нью-Йорк, Рим, Берлин және т.б) жүздеген азаматтық, арт-белсенділер мен студенттер қамалғандарды қолдап ынтымақтастық акциясын өткізді.
Көктемнің соңына қарай азаматтық әрі арт наразылық «Oyan, Qazaqstan», «Республика» және түрлі арт-топтарға ұйымдасып, сөз бостандығы, демократиялық реформа мен репрессияны тоқтатуда талабы бір топтарға айналды. Олар қамауға алынған белсенділермен бірге ынтымақтастық және наразылық акциясын өткізе бастады.
Қазақстанда көктем мен жаз маусымында мыңнан астам азамат ұсталып, қамауға алынған. Қазақстан мен халықаралық ұйымдардың және БҰҰ пікірінше бұл жауапқа тарту әрекеттері негізгі демократиялық принциптерді, ҚР Конституциясын және бейбіт шеру еркіндігінің халықаралық нормаларын бұзу деп саналды. Сондай-ақ 2019 жыл Қазақстанда биліктің БАҚ пен сөз бостандығына қарсы репрессия жүргізгендігімен сипатталды. Журналистер мен белсенділерге қарсы полиция, арнайы бөлімше, «жалдамалылар» жұмыс істеді. Бұдан бөлек Қазақстандағы негізгі басты әлеуметтік желілер мен мессенджерлер жаппай бұғатталды.
Барлық фотосуреттер — ÅDÅMDÅR/CA
ÅDÅMDÅR/CA алынған жазбаша келісім бойынша ғана қолдануға рұқсат