Nur Otan белсенділерге қарсы. Фоторепортаж

DOCA Қазақстан

Nur Otan белсенділерге қарсы. Фоторепортаж

26 Қантар, 2020 жыл

Алматы, Қазақстан

24 қаңтар жұма күні Алматы қалалық сотында «Nur Otan қоғам белсенділері Әлнұр Ильяшев, Марат Тұрымбетов және Санавар Закироваға қарсы» апелляциялық іс қаралды. 


Әлқисса:

2019 жылдың сәуірінде және кейін тамызында қоғам белсенділері Алматы билігі мен Nur Otan Қазақстан басқарушы партиясын Закирова мен Тұрымбетов бастамашы болған «Наше право» партиясын құруға кедергі келтіргені үшін сотқа берді. Жауап беруші ретінде істе партия төрағасының бірінші орынбасары және Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек көрсетілді. Ал партия төрағасы мен Қазақстанның алғашқы президенті Нұрсұлтан Назарбаев үшінші тарап ретінде көрсетілді. Бұл туралы Әлнұр Ильяшев өзінің Facebook парақшасында хабарлады. 

Партия және оған кейіннен қосылғандар (іс қаралуға екі күн қалғанда) Т. Шакирова, Е. Медеуов, Д. Аккулов және Р. Бахитбекова, өз кезегінде, Nur Otan ар-намысына және іскерлік беделіне нұқсан келтірді деп 20 миллион теңге көлемінде моралдық өтемақы талап етіп шағым түсірді. 2019 жылдың қарашасында Алматы қаласы Жетісу ауданы соты Қазақстанның басқарушы партиясының шағымын жартылай қанағаттандырып, қоғам белсенділеріне шағым түсіруші төрт адамның әрқайсысына 6 миллион теңгеден кем емес өтемақы төлеуді міндеттеді.

Белсенділер Алматы қалалық сотына апелляция түсірді. Істі қарастыру уақыты 2020 жылдың 23 қаңтарына белгіленді. Қазақстандағы бұрын-соңды болмаған іске қоғам тарапынан жоғары қызығушылық болғанына қарамастан, істі қарастыру үшін қалалық со ғимаратындағы ең кішкентай зал таңдалып алынды. Процесске қатысушылар мен жиналған белсенділердің шағымынан, әрі құқыққорғаушы Маржан Аспандиярованың сотқа түсірген өтінішінен соң отырысты 24 қаңтар күнгі сағат 16:00-ге көпшілікке арналған орны бар акт залында ауыстыру туралы шешім қабылданды. 


 

23 қаңтар күні сот отырысы болатын ғимарат алдында азаматтық белсенділер іс бойынша жауап беріп жатқандарды қолдау үшін жиналды. Nur Otan жақтаушылар мен кейбір белсенділер арасында қызу пікірталас орын алды. 

Сот ғимаратының алдындағы белсенділер, 23 қаңтар
Сол жақта: белсенді Ася Тулесова
Оң жақта: Nur Otan партия мүшесі, іс бойынша шағым түсірушінің бірі – Тамара Шарипова

24 қаңтар, яғни белгіленген күні, тыңдалым басталардан санаулы сағат бұрын зал іші Nur Otan партия өкілдері және «Жас Отан» жастар қанаты өкілдері мен өзге де мемлекеттік құрылым қызметкерлеріне тола болды. Айыптаушыларды қолдауға келген белсенділердің көп бөлігін залға кіргізбеді. 

Есік аузында тұрған күзет қызметі белсенділерді, журналистерді және іске қатысы барларды тексеріп, плакат бар-жоғын анықтады.  

 

Сағат 16:00 сот коллегиясы өз орнына отырды, алайда іс бойынша айыпталушылар мен олардың өкілдері ерте келсе де залға кіргізбеді. Отырыс кешігіп басталды.

Сот коллегиясы

 

Іс бойынша жауап берушілер: белсенділер Марат Тұрымбетов, Әлнұр Ильяшев және Санавар Закирова өз өкілімен бірге
Арызданушылар, Nur Otan партия өкілдері

Құқыққорғаушы Маржан Аспандиярова жауап берушілердің өкілі ретінде сөйледі. 

Маржан Аспандиярова

Зал ішінде сот отырысы өтіп жатқан кезде залға кіргізілмеген белсенділердің: «Кіргізіңдер!» деген дауыстары естіліп жатты. 

Ася Тулесова

Марат Тұрымбетов (оң жақта) және оның құқық қорғаушысы

 

Құқық қорғаушы Ерлан Калиев, Әлнұр Ильяшев

Суретші Роман Захаров
Санавар Закирова

 

Отырыс басталмай тұрып, залда отырған белсенділерді қолдаушылар қол шапалақтап, пікір білдірді. Судьяның талабы бойынша белсенді Ася Тулесованы залдан шығарып жіберді. Сот приставы мен форма киген бірнеше еркек қарсылық танытып жатқан белсендіні есіктің сыртына күшпен шығарып салды.

Сот отырысы 3 сағатқа созылды.

 

Соңында процес бойы үндемей отырған прокурор алдыңғы инстанцияның шешімін өзгертусіз қалдыруды ұсынды. Коллегия құрамы ақылдасу үшін залдан шығып кетеді. 

 

Біраз уақытқа созылған ақылдасудан соң, коллегия мынадай шешім шығарады: Жетісу аудандық сотының шешімі өз күшінде қалсын.

Әлнұр Ильяшев процес барысында және үкім шыққаннан кейін де оның басты мақсаты жеңіліс табу екенін айтқан. Себебі сол арқылы БҰҰ-ның Адам Құқықтары бойынша комитетіне хабарласуға мүмкіндік туады.

Есік сыртында тұрған ондаған белсенділер залдан шыққан Nur Otan мүшелері мен оларды жақтаушыларды «Масқара!», «Nur Otan — жемқорлар»  деген сөздермен қарсы алып, соңдарынан «КИНО» тобының «Дальше действовать будем мы (ауд. Әрі қарай біз әрекет етеміз)» әнін айтты.

 

Барлық фотосуреттер — ÅDÅMDÅR/CA 
ÅDÅMDÅR/CA алынған жазбаша келісім бойынша ғана қолдануға рұқсат

Сот процесінен салынған суретші Романа Захаровтың сот процесінен салған суреттері мына жерде.

Жарияланған уақыты: 26 Қантар, 2020 жыл