Оқырманға қаратпа сөз

Бірге Қазақстан

Оқырманға қаратпа сөз

10 Қантар, 2022 жыл

Алматы, Қазақстан

Алматыда интернеттің түгелдей бұғатталуына байланысты Adamdar/CA командасы өз сайтына кіре алмады, сондай-ақ толыққанды жұмыс істеу мүмкіндігінен қағылды. 

Біз демократиялық реформалар үшін, азаматтық құқық пен бостандықты қалыпқа келтіру үшін, оның ішінде сөз бостандығы мен бейбіт жиындарды қолдау үшін көшеге шыққан барлық бейбіт шерушілермен бірге екенімізді мәлімдейміз.

Біз Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен суверенитетін қолдайтынымызды мәлімдейміз. 

Біз зорлық-зомбылыққа қарсы екенімізді, бейбіт шерушілер мен демократиялық құндылықтардың қадірін кетіріп, қоғамға іріткі салушы  арандатушылар мен мародерларға қарсы екенімізді мәлімдейміз. 

Біз саяси репрессия мен цензураға қарсы екенімізді мәлімдейміз. 

Біз қайғыға толы сол күндер мен түндерде қаза болған, жараланған, зардап шеккен Қазақстанның бейбіт тұрғындарына, олардың жақындары мен бауырларына қайғырып көңіл айтамыз, ниеттес екенімізді мәлімдейміз. 

Фото: Тимур Нусимбеков

#AlmatyQańtar2022
#QandyQantar

Жарияланған уақыты: 10 Қантар, 2022 жыл