Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы мен Қазақстанның азаптауға қарсы үкіметтік емес ұйымдар Коалициясы, «Азаматтық Ынтымақтастық» Платформасының азаптауларға қарсы Жұмыс тобымен бірлесе отырып, «Зорлы-зомбылық пен азаптау туралы не ойлайсың?» атты зерттеу жүргізіп жатыр.
Бұл зерттеу — қоғамның азаптау ісіне және қытегездікке қарсы ТМД аумағында алғашқы және, әзірге, бұл тұрғыда жүргізілмекші жалғыз зерттеу. Осы кезге дейін бұл өлшемнің үш толқыны өтті, қазір – желтоқсан айының алғашқы жартысында – төртінші толқыны жоспарланып отыр.
Бүгінгі заман адамы, оның ішінде біздің де азаматтар, уақытының 80% желілерде өткізетінін ескере отырып, сауалнама деректерді онлайн әдісі арқылы жинайтын тәсілмен өтеді.
Сауалнама әдістемесін «Қоғам үкімі» («Общественный вердикт») қорының мамандары, Әдістемелік Лабораторияның социологтарымен бірлесе отырып, әзірлеген. Сауалнама дизаины өзгерген жоқ: ол деректі оқиғаларды анкеталық сұрақтарға айналдыру әдісне сүйенген.
Бұған дейінгі өлшемдердің нәтижесі «Қоға үкімі» («Общественный вердикт») қорының «Барометр реформы полиции» сайтында жарияланған.
Сауалнаманың сілтемесі (сұрақтар орыс және қазақ тілдерінде)