Ядролық қаруды таратпау және қарусыздандыру қысқы мектебіне қатысуға шақыру

Adamdar news Қазақстан

Ядролық қаруды таратпау және қарусыздандыру қысқы мектебіне қатысуға шақыру

26 Тамыз, 2022 жыл

Астана, Қазақстан

Қазақстандағы Фридрих Эберт Қорының (FES) ұйымдастыруымен өтетін «Ядролық қаруды таратпау және қарусыздандыру Қысқы мектебі» — ядролық қарусыздандыру және ядролық қаруды таратпау мәселелеріне қызығатын студенттер мен жас зерттеушілерге арналған бағдарлама.

Мектеп жас зерттеушілерді Қазақстан мен халықаралық қоғамдастық үшін өзекті ядролық саясат мәселелерін талқылауға тартуға бағытталған. Мектеп ядролық қару бағдарламаларының тарихы, ядролық сынақтардың адамға және қоршаған ортаға әсері, ядролық қаруды таратпаудың қазіргі сын-қатерлері, сондай-ақ, Қазақстанның ядролық дипломатиясы және бейбіт ядролық бағдарламасы секілді ядролық саясат саласындағы негізгі тақырыптарды қамтиды. Оған қоса, мектеп өзге де қатысушылармен және сарапшылармен нетворкиң құру мүмкіндігін береді. 

Мектеп 2022 жылдың 30-қыркүйек пен 1-қазан аралығында Астанада өтеді.

Қазақстандағы Фридрих Эберт Қоры өзге қалалардан келетін қатысушылардың тұру және көлік шығынын өтейді. 

Үміткерлерге қойылатын талаптар: 

  • Бакалавриат немесе магистратура студенті және/не жас зерттеуші (35 жасқа дейін);
  • Ядролық қарусыздандыру және ядролық қаруды таратпау мәселелеріне деген қызығушылық; 
  • Қазақстан Республикасының азаматтығы немесе Қазақстан Республикасының тұрғыны мәртебесі;
  • Мектеп аяқталысымен қатысушылар іс-шара қорытындысы туралы қысқаша талдау материалын жазып FES-ке ұсынуы қажет 

Өтінім жіберу тәртібі:

1. info@fes.kz электрондық поштасына хат жолдап, келесі құжаттарды жіберу: 

  • Уәждеме хаты (250 сөзге дейін);
  • CV/Түйіндеме (2 бетке дейін).

2. Сілтемедегі онлайн өтінім формасын толтырып жіберу. 

Өтінімдер қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде 2022 жыл 29 тамыз, сағат 19.00-ге (Алматы уақытымен) дейін қабылданады. 

Іріктеу нәтижесі 2022 жылдың 8 қыркүйегінде жарияланады.

Жарияланған уақыты: 26 Тамыз, 2022 жыл