Азаматтық белсенділер, журналистер мен фотографтар, партия адамдары, сондай-ақ Алматы қалалық сотының аудио-бейне-тіркеу жүйелері «Nur Otan белсенділерге қарсы» сот барысын мыңдаған суретке түсіріп, жүздеген террабайтпен таспалап құжаттаған. «Nur Otan белсенділерге қарсы» сотының психологиялық, көркем де тарихи мәнін мәтінмен ғана емес бейнежазба, фото, тіпті визуалды өнер әдістерімен баяндауды жөн көрдік. Adamdar/CA сұрауымен суретші әрі арт-белсенді Роман Захаров сот барысының өзекті тұстары мен басты қатысушыларын рұқсат етілген көркемдік құралдармен тарихқа таңбалап берді.
Уақыт: 23-24 қаңтар, 2020 жыл
Орын: Алматы қалалық соты
Қатысушы тұлғалар
• жауаптылар: азаматтық белсенді Альнур Ильяшев, Санавар Закирова, Марат Турымбетов
• арызданушылар: Nur Otan партиясы мүшелері: Тамара Шакирова, Ержан Медеуов, Дидар Аккулова, Разия Бахибекова
• 3 судья
• 1 прокурор
• қорғаушылар мен екі жақтың өкілдері
• жауаптыларды қолдаушы топ: ондаған азаматтық және экологиялық белсенділер.
• арызданушыларды қолдаушы топ: Nur Otan партиясының онға жуық өкілі мен «Жас Отан» жастар қанаты, өз ықтиярымен келген және еркінен тыс ерген топтар мен ұйқы-ояу студенттер, сондай-ақ сот процесіне қатысуға үнсіз келісім берген бюджет қызметкерлері.
• бірен-саран журналист
• бірнеше ондаған тәртіп сақшылары, жедел әрекет ету отряды мен сот орындаушылары
Сюжеттің қысқаша мазмұны:
Азаматтық қоғамның билік партиясымен сот барысы әрі қоғамдық пікірталас түріндегі күресі.
Толық баяндама:
БАҚ-та , Facebook парақшаларында, Instagram желісінде жарияланған, белсенділер трансляциялаған, Nur Otan-ның арыз талаптарында, сот құжаттары мен құқыққорғаушылар материалында келтірілген мәліметтер.
Сот қорытындысы мен шешімі белгілі еді. Мұндай болжам Қазақстанда жылдар бойы қалыптасқан. Бұл жылдар Nur Otan-дықтардың тілімен айтқанда «Тұрақтылық», Герольд Бельгерше “Тоқырау жылдары” деп аталған.
«Nur Otan-ның белсенділерге қарсы» Алматы қалалық сотының қаңтардағы кескіні де іш пыстырарлық, бәрін мезі қылған белгілі сценариймен аяқталуы ғажап емес еді. Ешқандай интрига, саспенс, тосын сыйды ешкім күтпеді де.
Судьяның қандай шешім шығаратынын алдын ала бәрі білді. Бұдан арызданушылар да жауаптылар да, қорғаушылар мен екі жақтың өкілдері, үш судья мен бір прокурордың хабары болды. Соттың қорытындысы қалай боларын полиция сот залына кіргізбеген азаматтық белсенділер мен журналистер де болжап қойған.
Белсенділер «Сіздің балаларыңыз біз сияқты болады. Біз жасай алмағанды олар жасайды!» - деп дауыстады. Олар көше мен дәлізде «Өткіз!» – деп айқайлағанмен полиция мен жедел әрекет ету отрядынан өте алмады.
Сот шешімінің қандай болатынын партиялықтар да, ұйқылы ояу отырған студенттер мен ескі большевиктік салтпен залға жинаған шаршаған бюджет қызметкерлері де білген.
«Жең ұшынан жалғасқан жемқорлық күйе сияқты
Мен біреуге қол жалғайын десем шынтағын сезем…
Шынжырға шырмалған, бір мақсатқа байланғанбыз»
— деп ақын Кормильцев осы дәстүр мен оның құлдары жайлы жазып кеткен. Ол бұл өлең жолдарын 1986-шы «Чернобыль» мен «Желтоқсан» жылдары жазса да бүгінге дейін маңызын жоғалтпады.
Әдеттегі сот. Болжамды шешім. Кәдімгі нұротаншылдық. Дегенмен Nur Otan партиясының іскерлік репутациясы мен абыройын, намысын таптайтын» сот процесін жәй атауға болмайды. Бұл Қазақстанның жаңа тарихындағы ең эмоциональды әрі антиутопиялық мәнге ие болды. Шындықтан кейінгі саясат бір жағынан постиронияға ұшырап, екінші жағынан қаһарлы постмодернмен бетпе-бет келген тұс. Ауасы тар, желдетілмеген сот залындағы партияның ар-абыройы жайлы пікірталас кенет экстремизм мен жеке басқа табыну туралы бәссөзге, адам құқығы мен оның жылдар бойы бұзылғаны туралы тақырыпқа ауып кетті.
Сот залындағы белсенділер мен өзге азаматтардың және жауаптылардың сот тарихы мен тарихи маңызы туралы ойын оңай оқуға болады. Бұл жолы да Nur Otan партиясы, оның басшылығы мен мүшелерінің тарих алдындағы жауапкершілігі туралы аз айтылған жоқ. Сондай-ақ сот барысы бойы зал мен дәлізде, адамдар айналасында Қазақстан тарихынан келтірілген кейстер естіліп жатты. Олар ізге түсу, белсенділерге қарсы сот процестері, оппозициялық партияларға қарсы репрессия, саяси тұтқындарға қорлық көрсету, заңсыз сайлау мен Жаңаөзендегі азаматтарды ату жайлы оқиғалар болатын. Бұл соттың басты қатысушысы, жауапты Альнур Ильяшев бірнеше теңеулер айтып, тарихтағы Германияның ұлтшыл партиясы мен оның фюрері Адольф Гитлердің өткен жолын отырғандардың есіне салды.
Сот шешімі ешкімді таңқалдырмады. Қабырғадағы үш би: Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би процеске үнсіз куә болды.
Үкімді жарияламай тұрып студенттер мен бюджет қызметкерлері сот залынан имене шықты. Алайда олар бірден сыртқа беттей алмады. Сот дәлізіндегі белсенділер оларға аяқасты ағарту-құқыққорғау фестивалін ұйымдастырып, нұротандықтарға Ата Заңнан үзінділер келтіріп, сыбайластық қаупі мен партияның Қазақстан халқы алдындағы жауапкершілігін еске салды. Сот залына жедел әрекет ету отрядының сарбаздары келіп әлгі жерден Партияның қолдаушыларын жедел алып шықты. Белсенділер Конституцияны оқуды тоқтатпады.
Алдын ала болжалған сот шешімі шыққан соң адамдар сот залын босатты. Қапырық залдан шыққан Альнур Ильяшев дауыстап: «Бізбен бірге бір Алла мен Ата Заң!»-деп сүйікті сөзін айтты. Бірақ бұл ғана емес, олармен сот дәлізіндегілер мен Қазыбек би көшесінде тізілген он шақты адам болды. Арасында жастар жағы басым. Олар азаматтық және эко-белсенділер, жас суретшілер мен музыканттар, кинематографистер, дред бұрымды анархо-феминистер, қара күрте киген инди-рокерлер, Oyan Qazaqstan мүшелері мен Көк-Жайлауды құтқарушылар. Олардың көбі соңғы жылдары, әсіресе кейінгі айларда антижүйелік полиция, заңсыз сайлау, болжамды үкім шығаратын сот жайлы көп естіген.
Қазақ және орыс тілдерінде: «Nur Otan — коррупционеры! Nur Otan — коррупционеры!», «Nur Otan — ұятсыз!» және «Nur Otan — позор!»,- деген ондаған адамның даусы партия мүшелерінің соңынан естіліп жатты. Көшедегілер оларды «Nur Otan, кет!», «Nur Otan, уходи!» — деген сөздермен шығарып салды. Нұротандықтар осы сөздерге құлақ асқандай, сот аймағынан, Қазыбек би көшесінен асыға адымдады. Белсенділер сот ғимараты алдында топтасты. Гитара ойналды.
2019 жылы сотта, АІІБ-де, Лобачевский көшесіндегі арнайы мекемеде, Панфилов пен Қабанбай батыр көшелерінде жастар «Кино» группасының «Перемен», «Опиа» тобының «Я умираю в Нұр-Сұлтане» әндерін және Қазақстанның алғашқы әнұранын шырқаған.
2020 жылдың 24 қаңтары кешкісін олар басқа әнді орындады. Сот ғимаратының әлсіз жанған шамдары, жағалай орналасқан тәртіп сақшылар көлігінің жыпылық сиреналары жиналғандарды түрлі түсті жарықпен қоршады. Жастар Виктор Цойдың «Дальше действовать будем мы» әнін шырқады:
Мы хотим видеть дальше, чем окна дома напротив,
Мы хотим жить, мы живучи, как кошки.
И вот мы пришли заявить о своих правах: «Да!»
Слышишь шелест плащей — это мы…
Дальше действовать будем мы! Дальше действовать будем мы!
Дальше действовать будем мы! Дальше действовать будем мы!
Мы родились в тесных квартирах новых районов,
Мы потеряли невинность в боях за любовь.
Нам уже стали тесны одежды, сшитые вами для нас одежды,
И вот мы пришли сказать вам о том, что дальше…
Дальше действовать будем мы!
Қаңтар, 2020 жыл, Алматы
Барлық суреттер — ÅDÅMDÅR/CA
ÅDÅMDÅR/CA жазбаша келісімінен кейін қолдануға рұқсат.
Сот процесінен классикалық үлгідегі фоторепортажды мына жерден көре аласыз.