Оқиға: Дмитрий Ругис «QAZAQSTANDYQTAR Оң сәйкестілік*» жұмыстар топтамасының көрмесі
Уақыты: 14 желтоқсан, 2018 жыл — 27 қаңтар, 2019 жыл
Орны: «Арман» кино орталығы (Алматы, Қазақстан)
Тәуелсіздіктің 27 жылдығы — қызыл күн емес десек те, дүркіретіп өткізетін мерейтой емес десек те, осы 2018 жылы ел болып жеке бастық рефлексияға арнауға болатын бізде мерекелік үш күн бар. Жалпы, Тәуелсіздік дегеніміз не? Google желісінен суреттер іздегенде, Тәуелсіз Қазақстанның қандай мықты бейнелері көзге түседі? Нүкте KZ-пен аяқтап іздеген нәтижелердің айырмашылығы бар ма? Сөз сарыны өзгерді ме?
Он жыл бұрын бастап, әлі күнге дейін тынымсыз еңбекпен жинастырып келе жатқан автордың фотографиялық топтамасына қарап, еріксіз міне біздің #Қазақстан деген ой келеді. Дмитрий Ругис заманауи фотографияның жаппай тым дұрыс болуына және көзбояушылығына бой ұсынғысы келмейді. Даланың, алыстағы ауылдардың, кең-байтақ елдің әр түкпіріндегі адамдардың сұлулығын көре білген Дмитрий «Мен де қазақстандықпын» дейді. Тек Тәуелсіздікпен құрдас жастарды ғана емес, сондай-ақ көптеген қазақстандықтарды мазалайтын «Қазақстан ба әлде қалған әлем бе?» деген сұрақта Дмитрий жасаған таңдау айқын көрінеді. Жартылай неміс, жартылай литвалық Дмитрий Ругис ештеңені этнографиялық тұрғыдан қарастырмайды, қазақ мәдениетінен де алыстамайды, сол мәдениеттің толыққандылығын және теңдей құнды екенін түсінеді. Осы «оң сәйкестіліктің» ерекше көрнектілігі автордың өз нұсқасын ұсынуында жатыр. Бұл Қазақстанда барлық бейнелер бір-біріне кереғар. «Менің суреттерімде бейнеленген адамдар шын өмірде бар екенін білдіріп тұрғанын қалаймын. Мен осында өмір сүремін, осында жұмыс істеймін». Деректі әрленбеген эстетика қазіргі болмысты таза күйінде сақтайды, ал біз әлі күнге дейін сол болмыстан қорқамыз және оған көнбейміз.
*жеке тұлға мен оның айналасындағы адамдардың бірегейлігі
Салихов Г. Г.
Идея авторы Ажар Жандосова
Көрме кураторы Suinbike
Ұйымдастырушы: «Алмалы Жұмақ» қоғамдық қоры
Мекен-жайы: Достық даңғылы, 104