«ШЫҒЫС: ЖЕР, СУ, АУА» деректі фильм көрсетілімі және экологиялық мәселелерін талқылау

Adamdar news DOCA JerSu Қазақстан

«ШЫҒЫС: ЖЕР, СУ, АУА» деректі фильм көрсетілімі және экологиялық мәселелерін талқылау

12 Желтоқсан, 2023 жыл

Алматы, Қазақстан

іс-шара: «Шығыс: жер, су, ауа» деректі фильм көрсетілімі және Қазақстандағы ауа ластануы және су ресурстары мәселелерін талқылау
уақыты: 13 желтоқсан, 16:00
орны: Гёте-Институттың кітапханасы (Алматы, Қазақстан)

13 желтоқсан, сәрсенбі, сағат 16:00-де Гёте-Институттың кітапханасында «Шығыс: жер, су, ауа» қысқа метражды деректі фильмінің тұсаукесері өтеді. Картина Шығыс Қазақстан облысының экологиялық мәселелері туралы баяндайды.

Фильм авторлары Adamdar/CA командасы Шығыс Қазақстан облысының түрлі аудандарына аттанды. Өңірдегі су және ауа мәселелерін зерттеу мақсатымен сарапшы, белсенді және тұрғындармен кездестік.

Шараның екінші бөлімінде Қазақстандағы ауа ластануы, су ресурстары мәселесі жайлы сарапшы, белсенділермен бірлескен талқы өтеді.

 

Орын саны шектеулі, сондықтан міндетті түрде тіркелу қажет. Тіркелу сілтеме арқылы жүреді.

Іс-шара Фридрих Эберт Қоры және ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар Офисімен бірлесе ұйымдастырылған.

Жарияланған уақыты: 12 Желтоқсан, 2023 жыл