Adamdar news DOCA Қазақстан

«Сталин қылмыстары» фильмінің онлайн-тұсаукесері

24 Қыркүйек, 2019 жыл

Алматы, Қазақстан

25 қыркүйекте «Политон» YouTube-арнасында Жанболат Мамайдың «Сталин қылмыстары: ұлт зиялылары қалай жойылды» жаңа деректі фильмінің тұсаукесері өтті. Фильм ХХ ғасырдағы Қазақстанның 20-30 жылдарындағы жаппай қуғын-сүргін тақырыбына құрылған. 

Бұған дейін фильм тұсаукесерін Алматыдағы «Цезарь» кинотеатрында өткізу жоспарланған болатын. Алайда режиссердің айтуынша белгіленген күн таяп қалғанда кинотеатр басшылығы көрсетілімнен бас тартқан. 
Журналист әрі режиссер Жанболат Мамай Facebook парақшасында былай жазды:

««Жоғары» жақтың бұйрығымен дегенді желеу етіп, кинотеатр басшылығы көрсетілімнен бас тартты. 
Біз көрсетілімді қонақ үй, конференция залдары тағы да басқа жерлерде өткізуді ойластырдық. Бірақ бұл ең алдымен көрерменге ыңғайсыздық тудырар еді, себебі ондай жерлерде фильмді көрсетуге арналған арнайы құрылғы жоқ. Содан соң бұл жерлердің өзінде көрсетілімге басшылық тиым салып, жұмсалған уақыт пен күш зая кеткен болар еді. Сондықтан фильмнің тұсауын тәуелсіз әрі еркін алаң - YouTube-те кескенді жөн көрдік. Енді фильмді тамашалау үшін ешқайда барудың да, уақыт жоғалтудың да керегі жоқ».

25 қыркүйектен бастап, фильмді «Политон» YouTube арнасынан көре аласыз. 

Жанболат Мамай
Сурет Facebook-тағы жеке парақшасынан алынған


Әңгіме барысында Жанболат Мамай фильмінде көтерілген сұрақтар тек тарихи көзқарас тұрғысынан ғана емес, қазіргі Қазақстан үшін де маңызды екенін тарқатып айтты:

«XX ғасырда он жылдық ішінде қазақ халқының үлесінен 4 миллион адам қырылды. Оның 1 миллионы 1921-22 жылдары жаппай аштықтан көз жұмды. Ал 2,2 миллион адамды (бұл тек ресми айғақ бойынша) 1931-33 жылдары қазақ Зұлматы кезінде жоғалттық. Бір миллионнан астам қазақ алыс-жақын шет елдерге ауып кетті. Соңында, большевиктік саясаттың кесірінен еуропалық мемлекеттің аздаған бір бөлшегінен айрылдық. Сонымен қатар өткен жүзжылдықтың 20-30 жылдары қазақ халқының барлық дерлік өкілдері жойылды. Алаш қайраткерлері ғана емес, белгілі ақын, жазушылар, шығармашылық интелегенцияның өкілдері мен ғалымдардың көзі жойылды. Ұлт басқарусыз қалды. Бұл қазақ халқына қарсы геноцид. XX ғасырдағы Сталиндік-большевиктік жендеттер жасаған геноцид. Бірақ өкінішке қарай, бұл туралы біздің елде айтылмайды. Билік коммунистік құырылыстың қылмысына тарихи, саяси баға беруге құлықсыз. Бұл Сталиннің тұлғасын заманауи қоғамда қайта жаңғыртып келе жатқан Кремльден жасқанумен түсіндіріледі. Бүгін путиндік құрылыс большевиктерді, Сталинді ақтап, оларды Отан қорғаушылары етіп көрсетуді көздейді. Негізінде Сталин - қылмыскер, Пол Потпен бара бар баскесер, ал коммунистік құрылыс - жендеттер мен басқыншылардан құралған. “Сталин қылмыстары: ұлт зиялылары қалай жойылды” жаңа деректі филімінде осы туралы айтылады.»

Adamdar/CA анықтамасы:

Бұған дейін, 2019 жылдың қаңтар айында Алматыдағы «Арман» кинотеатрында Жанболат Мамайдың «Зұлмат. Қазақстандағы Геноцид» деректі филімінің тұсаукесері өтіп, кейін фильм YouTube -ке шыққан болатын. Фильмде большевиктердің репрессиялық саясаты мен Қазақстанда Сталин кезінде қолдан жасалған аштық («Ашаршылық», «Ұлы Жұт», «Голодомор»)* тақырыбын көтереді. Бірқатар Қазақстандық және шетелдік ғалымдар қоғам қайраткерлерін Қазақстандағы Ашаршлықты геноцид деп жариялауға шақырады. 

*1931−1933 жылдардағы аштық («Ашаршылық», «Ұлы Жұт», «Зұлмат», «Голодомор», «Голощекиндік аштық») — жаңа тарихтағы ең ірі, көпке белгісіз трагедиялардың бірі. Иосиф Сталин басшылығымен большевиктердің ұжымдастыру саясатының, күнкөріс көзінен айыру, шаруаларға, көшпелі малшылар мен кулактарға қарсы репрессия кесірінен КСР Одағы аумағын ауқымды аштық жайлады. Қазақстан мен Украина көптеген адам шығынына ұшырап, Орталық Азия, Сібір, Орал, Кавказ, Поволжья аймақтары аштыққа душар болды. 

Жарияланған уақыты: 24 Қыркүйек, 2019 жыл