Өткен аптада Adamdar/CA авторы Тимур Нүсімбеков Қазақстандағы Жамбыл облысы Қордай ауданына барып, 7 ақпаннан 8 ақпанға қараған түні орын алған қақтығыс салдарын өз көзімен көріп, қорқынышты күндерді бастан өткізген тұрғындардың әңгімесін тыңдау үшін бірнеше күн сонда болып қайтты.
Қазақстанның Қордай ауылдарында және көршілес Қырғызстанның Токмок ауданында бірнеше күн болдым.
Бұл сурет үш күн бұрын түсірілген. Түсірілген орны — Қазақстан мен Қырғыз Республикасының мемлекеттік шекарасындағы бақылау-өткізу пункті. Суретте балаларымен тұрған әйел — Қырғызстаннан Қордай ауданындағы туған ауылына оралып жатқан қазақстандық босқындар.
Кей елдерде Отанына оралған босқындарды дәрігерлер, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, мемлекеттік, гуманитарлық және азаматтық ұйым өкілдері қарсы алады. Әсіресе босқындардың 99%-ы әйелдер, балалар және қарттар болған жағдайда солай. Әсіресе қақтығысты бастан кешіп, қорқынышты оқиғаларға куә болған кезде: адам өлімі, өрт. Босқындардың көбінде жетінші ақпандағы қақтығыстан соң жарақаттан кейінгі синдром пайда болған.
Өкінішке қарай, сол күні Қазақстан шекарасында бұл әйел мен балаларын ешкім қарсы алған жоқ. Тек туыстары келді. Сол қайғылы түннің салдарын жеңуге көмектесетін психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер де жоқ. Босқындарды тамақтандыратын асхана да табылмады. Әйел мен оның балаларын үйіне жеткізіп салатын әлеуметтік қызмет көлігі де келген жоқ.
Олар әлі күнге дейін тұрғындардың көбісі көшеге шығуға қорқатын ауылдардың біріне оралды
Олар әлі күнге дейін тұрғындардың көбісі көшеге шығуға қорқатын, ауылдардың біріне оралды. Кей көшелерде тоналған, өрт жамылған үйлер мен дүкендер сол қалпында тұр. Полиция мен ұлттық гвардияның өзі топтасып, оқ өтпейтін кеудеше киіп, қару-жарақпен қамданып жүр.
Жақын арада бұл ауылдарға тек полицияның арнайы жасақтар мен ұлттық гвардиялар ғана емес, репортерлар мен журналистер, гуманитарлық көмек көрсететін қазақстандық және қырғызтандық еріктілер ғана емес басқа да көмек бере алатын мыңдаған адам келеді деп үміттенем: қақтығыс кезінде жұмыс істеуге тиісті психологтар, заңгерлер, әлеуметтік қызметкерлер, гуманитарлық ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдері. Мына жайттың бәрін өз көзімен көру үшін зерттеушілер, әлеуметтанушылар мен антропологтар, заң және өнер қайраткерлері келуі керек. Тұрғындармен сөйлесіп, қайғылы түннің мән жайын зерттеуі керек. Әйтеуір әйелдер мен балалардың өз үйін, ауылын, елін тастап, шекара асып көшпейтін жағдай жасау керек.