Нұрбол Нұрахмет «Мүшелдеу» жеке көрмесі

Adamdar news Қазақстан

Нұрбол Нұрахмет «Мүшелдеу» жеке көрмесі

1 Сәуір, 2019 жыл

Алматы, Қазақстан

іс-шара: Нұрбол Нұрахмет «Мүшелдеу» жеке көрмесі 
уақыты: 3 сәуір — 12 мамыр, 2019 жыл
орны: Aspan Gallery (Алматы, Қазақстан)

Aspan Gallery қазақстандық жас суретші Нұрбол Нұрахметтің жеке көрмесін ұсынады. 

Нұрбол Нұрахмет қазақстандық суретшілердің жас ұрпағы ішінде нағыз дарындылардың бірі болып келеді. Т. Жүргенов ат. Қазақ ұлттық өнер академиясы мен Сан Франциско өнер академиясы университетінің түлегі Нұрахмет бірнеше рет қазақстандық және халықаралық қазіргі заман өнері көрмелеріне қатысты. Оның шығармашылығы Орталық Азияның әлеуметтік-мәдени ландшафтын сыпайы талдаумен және академиялық кескіндеме мен суреттің айқын тілін шеберлікпен пайдаланумен ерекшеленеді. Осының нәтижесінде біздің қоғамда кездесіп тұратын интернет-технологиялар дәуірінде жеке пікірден айырылудан азаматтық көзқарасты қоғам болып білдіру сұрақтары сияқты өзекті мәселелерді қозғайтын шығармалар жарық көрді. 

 

 

Жетекшісі Юлия Сорокина болып табылатын «Мүшелдеу» көрмесі кескіндеме, графика және коллаж сияқты түрлі техникаларда орындалған бірнеше сериядан тұрады. Көрермендер назарына Нұрахмет алғаш рет ұмытылып бара жатқан ССРО заманында қазақстандық суретшілердің даңқын шығарған автолитографияны ұсынады. 

«Мүшелдеу» көрмесі Villa Boutiques & Restaurants (Әл-Фараби, 140а) кешенінің EXPO залында сәуірдің 3-нен мамырдың 12-не дейін өтеді. 

Мұқабадағы сурет — Нұрбол Нұрахмет, «Цензура #3», 2017

Жарияланған уақыты: 1 Сәуір, 2019 жыл