World Press Photo 2018 бірегей көрмесі

Adamdar news DOCA Қазақстан

World Press Photo 2018 бірегей көрмесі

20 Қараша, 2018 жыл

Қарағанды, Алматы, Шымкент, Қазақстан

оқиға: World Press Photo 2018 бірегей көрмесі
уақыты/орны:
Қарағанды 10–23 қараша 2018
Алматы 30 қараша — 13 желтоқсан 2018
Шымкент 20 желтоқсан 2018 — 2 қаңтар 2019

Бағдарламада: 

– 2018 жылдың 10 желтоқсанында атап өтілетін Адам құқықтары күніне орай маңызды әлеуметтік тақырыптардағы фотосуреттер онлайн-байқауы. Фотожабдықтарға арналған сертификат ұтып алу мүмкіндігі. Шарттар туралы толық ақпарат

– Астана және Алматы қалаларындағы фотожурналистерге, кәсіби фотографтарға және фотосурет әуесқойларына арналған мастер-класстар. Толығырақ

Көрме туралы:

World Press Photo 2018 көрмесі — ең беделді халықаралық фотожурналистика байқауының жеңімпаз-шығармалары көрмесі. Көрмедегі ең жақсы деп танылған фотосуреттер өткен жылдың маңызды оқиғаларын көрсетеді. 

Жыл сайын бұл байқауға әлемнің барлық елдерінен жүз-мыңдаған фотосурет жіберіледі. Байқаудың нәтижелерін жариялағаннан кейін, өткен жылдың маңызды оқиғаларын бейнелейтін жеңімпаз-шығармалар көрмесі Амстердамда екі ай бойы өтеді, одан соң әлемге саяхатқа шығады. 

Үстіміздегі жылы қазылар алқасының мүшелері 125 елден 4,5 мың фотографтың 73 мыңнан астам фотосуреттерін көріп шықты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің саны 42 адам болды. 

«Жыл фотосуреті–2018» атты бас номинациясының жеңімпазы Венесуэла фотографы Роналдо Шмидт болып атанды. Оның фотосуретінде маскасын киіп, өртеніп келе жатқан адам бейнеленген, ол- 2017 жылдың 3 мамырында Каракас қаласында өткен үкіметке қарсы манифестацияларға қатысқан 28 жастағы Хосе Виктор Салазар Балса. 

World Press Photo туралы: 

World Press Photo — көбінде мамандықтың стандарттарын айқындайтын ең беделді халықаралық жыл сайынғы фотожурналистика байқауы. Жыл сайын кәсіби фотографтар мен БАҚ фоторедакторларынан тұратын халықаралық тәуелсіз қазылар алқасы 9 түрлі санатта бүкіл әлем фотожурналистері, агенттіктері, газеттері мен журналдарынан тұратын үміткерлер жұмыстарын бағалайды. 

World Press Photo қоры 1955 жылдан бастап Нидерланд Корольдігі ханзадасының қорғаушылығымен жұмыс жасауда және бүкіл әлемдегі тәуелсіз фотожурналистика мен ақпараттың еркін алмасуының бірегей алаңы болып табылады. Орта есеппен алғанда, көрмеге жылына екі миллионға жуық адам келеді. Көрме коммерциялық емес. Жыл сайын көрме 45 елдегі 100-ден астам қаланы қамтиды.

1955 жылы голландиялық фотографтар тобы өз жұмыстарын халықаралық қоғамдастыққа көрсету үшін баспасөз фотосуреттер байқауын ұйымдастырды. Бүгін Қордың қызметі бүкіл әлемді қамтиды. Уақыт өзгеруде, технологиялар өзгеруде, бірақ осы жаһандық өзгерістердің ішінде бір нәрсе өзгеріссіз қалады. Ол — World Press Photo-ның адамдардың айналадағы дүниені көру және өз ойларын еркін білдіру сенімділігіне негізделген визуалды журналистика мен әңгімелеуге деген ұстамдылығы. Пікір білдіру бостандығы, сөз бостандығы және баспасөз бостандығы бұрын-соңды болмағандай маңызды. World Press Photo теңдік пен түрлілікке ұмтылуда. 
Көрме Қазақстанда үшінші рет ұсынылады. Бұған дейін 2013 және 2014 жылдары Астана, Алматы, Қарағанды және Өскемен қалаларында өткізілген. 

Ұйымдастырушылар: 

Қазақстан Республикасындағы Нидерланд Корольдігінік Елшілігі
Сорос Қазақстан қоры  
Еркіндік Қанаты ҚҚ

Мекен-жайы
Қарағанды: ҚарМУ, 11-ші корпус, Қарбышев к-сі, 7-үй
Алматы: Орталық мемлекеттік мұражай, Самал ш-а, 1, 44-үй
Шымкент: өткізу орны кейінірек жарияланады

Кіру тегін

Жарияланған уақыты: 20 Қараша, 2018 жыл