2013 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 68 сессиясында 68/163 қарарын қабылдады. Онда 2 қараша Халықаралық журналистерге қарсы қылмысты жазасыз қалдыруды тоқтату күні қаулысы ұсынылған. Қарар мүше мемлекеттерді жазалаусыздықпен күресте нақты шаралар қабылдауға шақырады.
Қазақстанда көп жылдар бойы БАҚ пен журналистердің негізгі құқықтары үнемі тапталып келеді. Журналистерге психологиялық және физикалық қысым көрсетіліп, тәуелсіз редакцияларды жауып тастап, ұнамсыз медиаресурстарды бұғаттап тастайды. Жағымсыз журналистер, медиа-белсенділер мен БАҚ қызметкерлері қылмыс және сот қудалауына ұшырап келеді. (Ratel.kz редакциясына қысым көрсетіліп, жабылды, Арон Атабек, Жанболат Мамай, Сергей Дуванов, Лұқпан Ахмедьяров және т.б қудаланды.)
2019 жылы Қазақстанда жағдай ушыға түсті. Журналистер мен медиа-белсенділерге шабуыл жасалып, журналистер қысым мен арандатушылыққа ұшырады. Сондай-ақ олар Қазақстан Конституциясы мен халықаралық заңдар мен нормаларға қайшы заңсыз тұтқындауға ілікті. 2019 жылы Қазақстан «Репортёры без границ» халықаралық пресса бостандығы ұйымының рейтингінде 158 орынға бір-ақ түсті.
Қазақстанда журналистерге қарсы орын алған қылмыстық деректер:
2019 жылдың наурыз айында Астанада «Настоящее время» журналисті Светлана Глушковаға қарсы полиция мен «жалдамалылардың» қатысуымен күштік арандатушылық әрекеті орын алды. Кейін Светлана Глушковаға қарсы соттық қудалау басталды.
2019 жылы сәуірде Ася Тулесова мен Бейбарыс Толымбековтың «От правды не убежишь» арт-акциясының видео-түсірілімі үшін алматылық медиа-белсенділер Айгүл Нұрболатова мен Сүйінбике Сүлейменованы полиция ұстаған болатын.
Сүйінбике Сүлейменова мен Айгүл Нұрболатоваға сот шешімімен айыппұл салынды. Үкім шығару кезінде журналистер, суретшілер мен белсенділер «Ұят» наразылық арт-перформансын өткізді.
2019 жылы 9 мамырда Қазақстан билігі бірқатар БАҚ пен негізгі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді бұғаттады. Дәл осы күні Vlast.kz журналисті Данияр Молдабековты полиция ұстап әкетті.
2019 жылы маусымда оралдық журналист Лұқпан Ахмедияровты да полиция қамауға алды. Бұған дейін Лұқпан Ахмедияров шабуылға ұшырап, заңсыз тұтқындалған болатын.
2019 жылдың шілдесінде журналист әрі арт-белсенді Айдана Айдарханды полиция ұстап әкетті. Ол Абай Құнанбаев ескерткішінің алдында поэтикалық акция өткізіп, өзінің туған әкесі, ақын, журналист, диссидент Арон Атабек пен өзге де саяси тұтқындарды босатуды талап еткен еді.
2019 жылдың көктемінен бастап «Адам құқықтарын қорғау жөніндегі Қазақстандық Халықаралық бюро», «Азаттық радиосы» және тағы да басқа медиа-ресурстардың журналистері мен құқық қорғаушылар «жалдамалылардың» шабуылы мен арандатуына ұшырап келеді.
2019 жылдың қыркүйегінде Түркістан облысы, Сарығаш қаласының соты журналист, азаматтық белсенді, «Сарыағаш инфо» газетінің редакторы Амангелді Батырбековты 2 жыл 3 ай бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Батырбеков өзіне тағылған айыппен келіспеді.
«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры Амангелді Батырбековты «Қазақстандағы сөз бостандығы тұтқыны» деп тапты.
Бүгін 2 қараша «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының төрайымы Амангелді Батырбековты қорғайтын халықаралық науқан басталғанын хабарлады.
100-ден аса әлемдік үкіметтік емес ұйымдарды біріктіретін IFEX еркін пікір білдіру бүкіләлемдік жүйесінің мүшелері Қазақстанның жоғарғы қызметтегі тұлғаларынан Амангелді Батырбековке араша түсуін сұрады. «Әділ сөз”»сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры (Қазақстан), IFEX мүшелері, төменде келтірілген Қазақстан билігін “Сарыағаш инфо” газетінің редакторы, журналист Амангелді Батырбековты босатуға шақыратын мәлімдемені қолдауды сұрайды.
ÅDÅMDÅR/CA мультимедиалық платформасы Амангелді Батырбековты қорғайтын науқанды қолдап, ынтымақтастық білдіреді. Біз достарымыз бен әріптестерімізді, мәдениет, өнер, БАҚ өкілдерін журналист Амангелді Батырбековты босатуды қолдайтын шараға бірігуге шақырамыз.
«Белгілі қарарда журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне жасалған кез-келген шабуыл мен зомбылық әрекеттері айыпталады. Бұдан өзге бұл қарар мүше-мемлекеттерді журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне қатысты зорлықты тоқтатуда қолдарынан келгенше аянып қалмауға шақырамыз. Журналситер мен бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне қарсы қылмыс жасағандардың жазадан тыс қалмауын, оларды сотқа беруді және жәбірленушіге құқық қорғаудың тиісті құралдарына жол ашуды сұраймыз. Сондай-ақ қарар мемлекеттердің журналистер өз жұмысын ешқандай кедергілерге қарамастан атқаруы үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасауға үлес қосуын сұрайды.»
«Әділ сөздің» дерегінше 2000 жылдың қаңтарынан 2019 жылдың қыркүйегіне дейін журналистің заңды кәсіби қызметіне төмендегідей кедергілер саны келтірілгені тіркелген:
– 839 кедергілік әрекет
– 27 полицияға жүгінген факт
– 14 прокуратураға шағым түсірген факт
– 14 жоғарғы инстанцияға арыз берген факт
– 2 сотқа талап фактісі