8 маусымнан бастап құқық қорғаушы, азаматтық журналист, Қазақстанның ең әйгілі экологиялық белсендісі — Ася Тулесова қамауда отыр және оған қарсы қылмыстық істің негізгі тыңдауларының басталуын күтуде. 28 шілденің кешінде сот отырысының 3 тамызға тағайындалғаны белгілі болды. Асия Тулесованың ісі мен қоғамның белсендіні қолдауы жайлы толығырақ Adamdar/CA материалында сілтеме бойынша.
Ася Тулесованың анасы — Жанар Жандосова, «Сандж» зерттеу орталығының директоры, одан бұрын — БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілінің кеңесшісі, БҰҰ (UNDP) Даму Бағдарламасының үйлестірушісі. Қызын тұтқынға алғаннан кейін ол соңғы жылдары тұрып жүрген елордадан Алматыға келді. 7 шілде күні алдын ала тыңдауда Алматы қаласы Медеу ауданының №2 Соты Асия Тулесованың адвокаттарының оның анасын қорғаушысы ретінде мойындауы жайлы өтінішін қанағаттандырды. Біз Жанар Жандосовадан болып жатқан жағдай жайлы ойларымен бөлісуін сұрадық.
Ася туралы
Бейне үзінділерді көргенім есімде: онда топ-топ полиция қызметкерлері арасында егде жастағы адамдар бар жаяу жүргіншілерді біртіндеп автозактарға айналдырып, тықпалап жатты. Адамдар қарсылық көрсетіп жатты, алайда есіктер сарт етіп жабылып, көліктер жүріп жатты. Ешқалай көмектесе алмайтындығыңнан, дәрменсіздіктен ашу туады. Басқа үзінді — Ася автозак алдына оның жүріп кетуіне кедергі жасау үшін тұрады. Жүрек дүрсілдей бастайды. Полицейлер оны итеріп, Ася жерге құлайды, қолын бүгіп, оны көліктен ары апарады, ол босап шығып, тұрады.. Оның қатты желіккені көрініп тұр. «Сіздер форма киюге лайық емессіздер!» деп айқайлап, кенеттен қасында тұрған қызметкердің фуражкасын қағып жібереді. Аң-таң болдым. Сот материалдарында бейненің тек осы соңғы бөлігі берілген. Неге дәл осы, аяқтаушы бөлігі ғана? Сот оның алдында не болғанын білгісі келмейді ме?
Осының бәрін көрген ана қандай күйде болады? Бұл аралас сезімдер, бірақ бастысы — полицейлер әрекетіне деген ашу мен наразылық. Өзгелер «биліктің зорлыққа монополиясы бар» деген сияқты жатталған сөздерді айтады, алайда өздері ешқашан адамдарды және олардың авторитаризм мен тоталитаризм аясындағы азаматтық құқықтарын қорғауға шықпайды, өйткені оларды қой секілді биліктің қаншалықты ақылға сыймайтын зорлығы болсын, соған бағынуға үйреткен.
Ешкім гитлерлік Германиядағы еврейлерді қорғауға шыққын жоқ, ешкім сталиндік репрессияларға наразылық білдірмеді, сондықтан Нимеллердің атақты сөзі («социалистерге келгенде мен үндемедім...») — тілалғыш қойлар жайында, бұл туралы Мұрат Әуезов Асяны қолдау ретінде өте жақсы айтқан. Мен Асяның ондай еместігіне қуаныштымын, ол ешбір партия, ешбір оппозицияға жатпайтынына қарамастан әділетсіздікке өте сезімтал. Ол жай ғана немқұрайлы емес. Және мен оның адамның сөз бен жиын бостандығы құқығы жайлы пікірлеріне қосыламын.
Таңғаларлығы, осының барлығы болғалы жатқан митинг орнынан бес орам жерде болды. Неліктен Фурманов көшесіне соншама полицейлік көліктер жіберді, егер митингінің өзі Достық даңғылында бейбіт, тұтқынға алусыз өтіп жатса? Неге бірнеше орам ары жатқан көшелердегі жаяу жүргіншілерді полицейліктер ұрлап, белгісіз бағдарға алып кетіп жатты? Саны жайлы есеп беру үшін бе? Бұл кімнің нұсқауы болды? Нәтижеде Алматыда 100-ден астам адам ұсталды.
Мен Асяның ондай еместігіне қуаныштымын, ол ешбір партия, ешбір оппозицияға жатпайтынына қарамастан әділетсіздікке өте сезімтал,. Ол жай ғана немқұрайлы емес.
Қызыңды үш дардай полицейлер автозакқа сүйреп бара жатқан, ал бір бас киім, бетперде, қара көзілдірік киген адам «оны мында сүйре» деп жатқан бейнені көргенде қандай күй кешесің? Полиция қарамағында істеп жүрген бұл қай адамдар? Неге беттерін жабады? Неге билік пен полиция өкілдерінің біреуі де өзін таныстырмады, ештеңені түсіндірмеді, жай ғана үндемей, жансыз роботтар секілді адамдарды автозактарға итермеледі?
Іс материалдарындағы сараптама нәтижелерін оқып, қызының қол-аяғы, бүкіл денесі көгерген және жараланған екенін, ал жәбірленушілерде «шағым жоқ» және «ешқандай зақымдану белгілері жоқ» екенін білгенде ана қандай күйде болады? Заңға қарамастан тергеу уақытына және белгіленбеген сот уақытына қызын бас бостандығынан айырған кезде ана нені сезіну керек? Қызым құдды бір қауіпті қылмыскердей бірден басқа жаққа қашып, барлығына шабуыл жасайтындай; тіпті кісі өлтірушілерді де үй қамағына қалдырады ғой... Неге көптеген құрметті кепілгерлерге, кепілге қарамастан сот тергеу изоляторында болу бұлтартпау шарасын ең дұрыс санап отыр? Асяның ісінен «басқалар да солай істемесін» деп, саяси кейс жасап жатыр деген күдіктен басқа менде ой қалмады.
Заңға қарамастан тергеу уақытына және белгіленбеген сот уақытына қызын бас бостандығынан айырған кезде ана нені сезіну керек?
Мен қызымды, оның қамауда тайсалмай отырғанын, көп оқып, жаңа нәрсе білуге деген талпынысын, оптимист екенін мақтан тұтамын. Асяның достары мен жақтастарының көптігін мақтан етемін. Кейде оған деген осындай қарым-қатынас неден екен деп таң қаламын. Несімен қызықтырады? Кейде соншалықты көп адам оған сүйіспеншілік білдірген кезде мен тіпті ыңғайсызданамын. Менің ойымша, бұл оның адалдығы мен шынайылығы әсерінен. Ол жемқорлар мен екіжүзділерді жақтырмайды, алайда өзгелердің қайғылары мен мәселелеріне өте зерек. Ол балаларға арналған шеберханаларды ұйымдастырумен, зейнеткерлерге көмекпен, ауа сапасын мониторинг жасаумен бекерден айналысқан жоқ қой. Онымен тауға бару мүмкін емес болатын: тауға шығу қоқыс жинауға айналып кететін.
Асяның достары мен жақтастарының көптігін мақтан етемін.
Мен оның барлық сынақтардан тапжылмай өтетінін, одан бетер бүтін әрі өзіне сенімді болып шығатынын білемін. Ол үшін алаңдамаймын. Осының барлығы достарының, құқық қорғаушылардың, әжесінің, әпкелері мен сіңлілері, барлық немқұрай емес адамдар арқасы.