«Зорлы‑зомбылық пен азаптау туралы не ойлайсың?» онлайн‑зерттеуі

Adamdar news Қазақстан

«Зорлы‑зомбылық пен азаптау туралы не ойлайсың?» онлайн‑зерттеуі

22 Желтоқсан, 2022 жыл

Қазақстан

Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы мен Қазақстанның азаптауға қарсы үкіметтік емес ұйымдар Коалициясы, «Азаматтық Ынтымақтастық» Платформасының азаптауларға қарсы Жұмыс тобымен бірлесе отырып, «Зорлы-зомбылық пен азаптау туралы не ойлайсың?» атты зерттеу жүргізіп жатыр.

 

Бұл зерттеу — қоғамның азаптау ісіне және қытегездікке қарсы ТМД аумағында алғашқы және, әзірге, бұл тұрғыда жүргізілмекші жалғыз зерттеу. Осы кезге дейін бұл өлшемнің үш толқыны өтті, қазір – желтоқсан айының алғашқы жартысында – төртінші толқыны жоспарланып отыр. 
 
Бүгінгі заман адамы, оның ішінде біздің де азаматтар, уақытының 80% желілерде өткізетінін ескере отырып, сауалнама деректерді онлайн әдісі арқылы жинайтын тәсілмен өтеді.  

Сауалнама әдістемесін «Қоғам үкімі» («Общественный вердикт») қорының мамандары, Әдістемелік Лабораторияның социологтарымен бірлесе отырып, әзірлеген. Сауалнама дизаины өзгерген жоқ: ол деректі оқиғаларды анкеталық сұрақтарға айналдыру әдісне сүйенген.

Бұған дейінгі өлшемдердің нәтижесі «Қоға үкімі» («Общественный вердикт») қорының «Барометр реформы полиции» сайтында жарияланған.

Сауалнаманың сілтемесі (сұрақтар орыс және қазақ тілдерінде)
 

Жарияланған уақыты: 22 Желтоқсан, 2022 жыл