16 желтоқсанды еске алу акциясы

DOCA Қазақстан

16 желтоқсанды еске алу акциясы

16 Желтоқсан, 2021 жыл

Алматы, Қазақстан

Бүгін Алматыда Oyan, Qazaqstan азаматтық қозғалысы 1986 жылы Алматыда, 16-18 желтоқсан 2011 жылы Жаңаөзенде құрбан болған желтоқсаншыларды еске алу акциясын ұйымдастырды. Бұл шара Республика алаңындағы Желтоқсан-1986 мемориалының алдында өтті.

Қатысушылар арасында қоғамның жас белсенділері, фем-қозғалыс өкілдері мен тәуелсіз суретшілер болды. Акция басында қатысушылар арқасында көзделген нысана бейнеленген аппақ жұмыс киімдерін киіп, қып-қызыл бояуға малынды. Бұл – 1986 жылы Алматыда, 2011 жылы Жаңаөзен мен Шетпеде төгілген қанның символы.

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by ÅDÅMDÅR/CA (@adamdar.ca)

 

Полиция Жанел Шаханова, Азиза Есмағанбетова, Бейбарыс Толымбеков (2019 жылы «Шындықтан қаша алмайсың» қарсылық акциясына қатысушылардың бірі) сынды активистер мен суретшілерді акция басталмай тұрып ұстап алып кеткен. 

Одан сәл ертерек 2021 жылдың 15 желтоқсанында Қазақстанның құқық қорғау ұйымдары (Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстан халықаралық бюросы, «Либерти» қоры, Халықаралық Құқықтық Бастама, «Ар.Рух.Хак» қоры) ұжымдық мәлімдемелерін жасаған еді. 

«Біз Жаңаөзен мен Шетпедегі оқиғада мемлекет адам өмірін жалмайтын суық қару қолданып, олардың өмір сүру құқығын, әділ сот процесін өткізу, азапталуға қарсы құқығын бұзды, адамдарды заңсыз қамап, бостандығын шектеді». Құқыққорғаушылар «Жаңаөзен мен Шетпеде болған кісі өліміне қатысты жан-жақты сараптап, азаптау ісіне қатысты кінәлілерді анықтап, тергеудің қайта қаралуын, сондай-ақ Жаңаөзен мен Шетпеде 2011 жылдың 16-18 желтоқсанында өлтірілгендер мен жараланғандар отбасына Қазақстан Үкіметі тарапынан өтемақы төлеу мен ақтау мәселесі қайта қаралуын» талап етті.

Құқыққорғаушылардың талаптарының астына бірер сағаттың ішінде бірнеше Қазақстан азаматы қол қойды, олардың арасында: мәдениет, білім, тәуелсіз медиа тағы басқа сала өкілдері болды. 

БҰҰ адам құқы жөніндегі Бас комиссар Нави Пиллэй мен БҰҰ азаматтардың бейбіт жиындар өткізу және еркін жиналу құқығы мәселелері бойынша арнайы өкілі Майна Киаи Қазақстан халқының сеніміне қайта ие болу үшін Жаңаөзен оқиғасына халықаралық тәуелсіз тергеу жүргізілуі керек екенін мәлімдеді. 

Жарияланған уақыты: 16 Желтоқсан, 2021 жыл