Ася Тулесова бостандықта

DOCA Қазақстан

Ася Тулесова бостандықта

12 Тамыз, 2020 жыл

Алматы, Қазақстан

12 тамыз таңында Алматыдағы Медеу ауданының № 2 соты азаматтық белсенді Асия Тулесованы кінәлі деп тапты және жаза ретінде қылмыстық кодекстің 378-бабы 2-бөлімі негізінде 20 АЕК мөлшеріндегі (55 560 теңге) айыппұл тағайындап, 380-баптың 1-бөлімі бойынша бір жыл алты ай бас бостандығын шектеді. Қаулы жарияланған соң Асия Тулесова тергеу изоляторынан босатылды, ол онда екі айдан астам болды (іс мәнмәтінін оқу).

Фото: Малика Ауталипова

Асия Тулесова ісінің негізгі тыңдаулары 3 тамыз күні басталған. 3 тамыз бен 11 тамыз аралығында 7 онлайн-отырыс өтті, істің жәбірленушілері ретінде 6 полиция өкілі тергелді. Белсендінің адвокаттары Джохар Утебеков, Назерке Ризабекова, Алимжан Оралбай және де азаматтық қорғаушы, Асия Тулесованың анасы Жанар Жандосова істі қарау кезінде соттың назарын «жәбірленушілер» жауаптарындағы көптеген қайшылықтарға, қателерге және тергеу кезеңіндегі бұзушылықтарға аударды. Айыптың басты дәлелі ретінде фактіге негізделген 6 маусым оқиғалары хронологиясы бұзылған бірнеше бейнежазбадан құрылған бейне қолданылған. Қорғау жағы куәгер ретінде оқиға орнында болған Vlast интернет-журналының журналисті Данияр Молдабековті және Тулесоваға қарсы қылмыстық іс қозғаған тергеуші Литвиенконі шақырды.
Қорғау бастамасымен бейнежазбалардың фототехникалық және лингвистикалық сараптамаларын жүргізу үшін сарапшылар қатыстырылды. Сарапшы Ильиных Тулесованың қолы айыпта көрсетілгендей полиция қызметкерінің басына емес, тек бас киіміне тигенін растады. Ал лингвист Карымсакова белсендінің сөздерінде ерсіз мазмұн жоқ екенін қорытты. Осы дәлелдерге қарамастан, прокурор бір жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Қорытушы талқылауда адвокат Джохар Утебеков істі саяси уәжделген деп санайтынын айтты.

 

 

Фото: Малика Ауталипова

 

Фото: Тимур Нусимбеков

Сот кесімін күту үшін сот ғимараты алдында ондаған азаматтық белсенді, журналистер, Асия Тулесованың достары мен жақындары жиналды. Сот оны қамаудан босату үкімін шығарғанда жиналғандардың көбісі белсендіні күтіп алу үшін тергеу изоляторына барды.

 

Жанар Джандосова с дочерью Асей Тулесовой
Фото: Малика Ауталипова

Асияны қолдау үшін оның адвокаттары Джохар Утебеков, Назерке Ризабекова және Алимжан Оралбай да келді. Асия Тулесова, анасы Жанар Жандосова және барша жиналғандар адвокаттарға бірнеше рет қол соғып, командаға іс барысында көрсеткен біліктіліктері үшін алғыс білдірді.

Слева направо: Алимжан Оралбай, Назерке Ризабекова, Ася Тулесова, Джохар Утебеков
Фото: Малика Ауталипова


Адвокаттар іс үшін маңызды рөлді қалың жұртшылықтың Асия Тулесованы қолдауы атқарғанын атап өтті.

Бүкіл процесс жүзінде бірқатар құқық қорғаушылар мен халықаралық ұйымдар (Amnesty International, Human Rights Watch, International Partnership for Human Rights) өздерінің ресми мәлімдемелерінде құқық қорғаушы органдар әрекеттерін кінәраттады және Қазақстан билігін қылмыстық қудалауды дереу тоқтатып, Ася Тулесованы қамаудан босатуға шақырған.


Мәнмәтін:

Асия Тулесова — экологиялық және азаматтық белсенді, «Common Sense» қоғамдық қорының жетекшісі, AUA / Almaty Urban Air экологиялық ұйымын құрағандардың бірі. Ол бірнеше жыл бойы Алматы ауасының ластануын зерттеумен, экологиялық мәселелерді шешу жөніндегі жұмыстармен айналысып келеді.

Асия Тулесова — 2019 жылдың 21 сәуірінде алматылық марафонда өткен «Шындықтан қаша алмайсың» арт-науқанына қатысқандардың бірі. Сол кезде тұтқындалып, сот шешімімен 15 тәулікке қамалған. Отырыс кезінде Ася Тулесова жан толғандыратын сөз сөйледі. Кейінірек БАҚ одан дәйексөз алып, ал белсенділер сөздерді Қазақстанда, Еуропа мен АҚШ-та өткен көптеген ынтымақтастық науқандарға дайындалған плакаттарына жазды.

21 сәуір 2019. Фото: Айгуль Нурбулатова

Сенбі күні, 2020 жылдың 6 маусымында, Қазақстан қалаларында бейбіт митингілер өтті. ҚР ІІМ деректері бойынша, онда 53 адам ұсталды. Митингшілерді ұстау дөрекі түрде өтті, полиция зорлық көрсетіп, жиі физикалық күшті жөнсіз қолданды. Куәгерлер айтуы бойынша, бейбіт митинг қатысушыларымен қатар автозактарға қарапайым жүргіншіерді де тиеді. Алматыда автозактардың бірінің қасында Асия Тулесова бейбіт азаматтарды қорғағысы келді және сол үшін ұсталды. Тулесованы тұтқындауға бірнеше полиция қызметкері қатысты, олар белсендіні ұстап алып, жерге жықты. Өзге ұсталғандармен бірге ол Алматы қаласы Медеу аудандық Полиция басқармасына жеткізілді, онда оны бірнеше сағат бойы ұстады. Босатылғаннан кейін Асия Тулесова журналистермен, құқық қорғаушылармен, азаматтық белсенділермен бірге полиция ғимаратының маңында қалды және заңсыз ұсталған отандастарын босатуды талап етті. 18:00-ге таман полиция қызметкерлері Тулесованы тұтқындау себебін айтпастан күштеп полиция басқармасына кіргізді. Кейінірек, Асия Тулесованың анасының айтуы бойынша, оны қала шетіне апарып, босатты.

Ася Тулесова 6 июня у здания УП Медеуского района Алматы
Фото: Малика Ауталипова

8 маусымның кешінде Асия Тулесова тергеуге қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде шақырылды және сол кеште уақытша ұстау изоляторына жіберілді. Бірнеше күннен кейін оны тергеу изоляторына көшірді, қазір ол әлі сонда.

Асия Тулесоваға ҚР Қылмыстық Кодексінің екі бап артылды: 380-1-бап — «Билік өкіліне қатысты өмiрiне немесе денсаулығына қауiпті емес күш қолдану не күш қолдану қатерін төндіру» және 378-2-бап — «Билік өкілін қорлау».

Белсендіге қарсы 6 маусым түсірілген бейне үзінді қолданылып отыр, онда ол митингшілерді ұстауға қатысқан полиция қызметкерлерінің бірінің басынан фуражкасын қағып түседі. Кейінірек іске қатысты жалпы есеппен 6 «жәбірленуші» шыққаны белгілі болады.

Онлайн-заседание 7 июля 2020 года

Қорғаушылардың Асия Тулесоваға кепіл мен ешқайда кетпеу туралы тілхатқа байланысты берілген бұлтартпау шараларын өзгерту туралы өтінішіне қарамастан, ол әлі қамауда қалып отыр. Тулесованың адвокаттарының бірі — Джохар Утебеков ҚР қылмыстық-процестік кодексіне сүйене отырып, өз фейсбук парақшасына соттың Асия Тулесованы қамауға алу шешімін бұрыс санайтынын жазды: оған белгіленген бап бойынша берілетін максималды жаза — 3 жылға бас бостандығынан айыру, ал ҚР ҚПК 147-бабына сәкес «адамдарды 5 жылдан АСТАМ мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы бар қылмыс үшін тұтқындауға болады». Адвокат нақтылады: «ҚПК ішінде осыған байланысты 7 ережеден тыс жағдай бар. Бұлтартпау шарасы жайлы қаулыда тергеуші бұлардың БІРЕУІН ДЕ атамады».

9 маусым күні ҚР Президентіне Асия Тулесованы босату талабымен жазылған үндеу бір күн ішінде 4000 астам қол жинады және президент әкімшілігіне ҚР электрондық үкімет порталы арқылы жіберілді. Алайда, Құқық қорғаушылар қауіпсіздігі мен оларды қорғау сұрақтары бойынша коалиция (PANA) сайтындағы ақпаратқа орай, үндеу жауапсыз қалды.

Бастапқыда бұл іске сот болып азаматтық белсенді Альнур Ильяшевті Nur Otan партиясын сынағаны үшін бас бостандығын 3 жылға шектеу үкімін шығарған Залина Махарадзе тағайындалған.

Алдын ала тыңдауда 7 шілде күні адвокаттар Джохар Утебеков пен Назерке Ризабекова 8 өтінішхат білдірді, олардың ішінде тек үшеуі қанағаттанған: Асия Тулесованың анасы Жанар Жандосованы оның қорғаушысы ретінде мойындау, мамандар тұжырымдарын іс материалдарына қосу және соттық филологиялық сараптаманы белгілеу. 28 шілде күні істің басқа сотқа — Шакиров Такен Шаймановичке берілгені мәлім болды.

Асия Тулесова ісінің негізгі тыңдаулары 3 тамыз күні басталған.

Жарияланған уақыты: 12 Тамыз, 2020 жыл