Шығыс Түркістанға арналған «Жаңа шекара» кинофестивалі
Иллюстрация: Медина Базарғали

Adamdar news Қазақстан

Шығыс Түркістанға арналған «Жаңа шекара» кинофестивалі

19 Қазан, 2022 жыл

Алматы, Қазақстан

оқиға: «Жаңа шекара» кинофестивалі
уақыты: 24–28 қазан, 2022 жылы
өтетін орны: bULt өнер кеңістігі (Алматы, Қазақстан)

 

 

Алматыда 24 қазанда Шығыс Түркістанға арналған «Жаңа шекара» кинофестивалі ашылады. Кинофестивальде қазақстандық режиссерлер түсірген фильмдер көрсетіледі. Режиссерлер өз шығармаларында Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр ауданында тұратын қазақтар, ұйғырлар, қырғыздар, өзбектер, тәжіктер және т.б. этникалық мұсылман азшылықтармен байланысымыз және ортақ сәйкестігіміз туралы мәселелерді көтереді.

Фестивальдің «Жаңа шекара» атауын ұйымдастырушылар кездейсоқ таңдаған жоқ. «Жаңа шекара» — қытайдың «Шыңжаң» атауынан тікелей аудармасы. Аймақ тұрғындары өз жерін Шығыс Түркістан деп атайды, өйткені «Шыңжаң» атауы да оның мағынасы да — отар саясаттың өнімі.

«Ұсынылып отырған фильмдер біркелкі емес, жанрлары да, поэзиясы да әр түрлі. Олар қарапайым адамдарды, олардың өмірін, туыстарымен үзілген қатынастары, трагедия туралы баяндайды. Цифрлық революция мен ақпараттың жылдам таралуының арқасында біз дамып келе жатқан гуманитарлық апаттың куәсі болып отырмыз. Көрсетілімдер бағдарламамыздың мақсаты – осы туралы ақпараттандыру, қазіргі ұйғыр және қазақ киногерлерінің деректі-бейнелік зерттеулерін көрсету және шолу», — дейді фестивальдің ұйымдастырушылары.

 

 

Фестиваль бағдарламасының ашылуында Қытай мен Қазақстанда шекараның қарама-қарсы жағында тұратын түркі халықтарының ортақ болмысы мен тарихы тақырыбында шағын баяндама оқылады.

Қатысу тегін бірақ орын шектеулі. Осы регистрация сілтемесін қолданып қатысуыңызды растаңыз.

Адрес:
bULt өнер кеңістігі
Гагарин к-сі, 83 
Алматы, Қазақстан

Толығырақ — «Жаңа шекара» фестивалінің инстаграмдағы ресми парақшасында.

Жарияланған уақыты: 19 Қазан, 2022 жыл