2018 жылдың қазан айында Қазақстан аумағындағы Үстірт мемлекетік қорығында мысық тұқымдасына жататын, сирек кездесетін түр – ортаазиялық қабыланды тұңғыш рет байқап, суретке түсіріп алды. Бірнеше күн бұрын қабыланның жаңа суреттері де қолға түсті. Жергілікті тұрғындар қабыланның бұл түріне Тау шерi деген атау берді.
Анықтама:
2018 жылдың 24 қазанында Үстірт мемлекеттік қорығында фототұзақ қабыланды суретке түсіріп алды деген хабарлама тарады. Қабылан Үстірт даласына Түркіменстан республикасынан келген. Бұл – Қазақстан даласына қабыланның (қабыланның азиялық Panthera pardus ciscaucasica деп аталатын түршесі) тұрақтағанын дәлелдеген алғашқы хабар еді. Бұдан бұрынырақ, 2000 жылы Жамбыл облысында, 2015 жылы Маңғыстау облысы аумағына қабылан келгенімен, олар тіршілік ортасына сіңісе алмаған еді.
Үстіртте қабылан бар деген алғашқы ақпар түсе салысымен-ақ, жануар кездескен жерге Қазақстаннық биотүрлілікті сақтау қауымдастығы (ҚБСҚ) және Үстірт мемлекеттік қорығының мамандары мен қызметкерлерінен құралған іздеу экспедициясы жолға шықты. Мамандар 18 фототұзақ орнатты.
2018 жылдың 6 қарашасында фототұзақтардың бірі қабыланды тағы да суретке түсіріп алды. ҚР АШМ Жануарлар әлемі және орман шаруашлығы комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Дилдахметтің пікірі мынандай:
«Қабыланды қайталап тіркеу арқылы, осы бір аңның Қазақстан аумағында тіршілік ортасына бейімделгенін анықтадық. Экспедиция жұмысының қорытындысына орай, Ортаазия қабыланы Қазақстан фаунасының қатарына алынып және табиғат аясындағы қорғалу мәртебесіне сай Қазақстанның «Қызыл кітабына» енеді. Маңғыстау облысында қабыланның пайда болуы осы бір таңғажайып мысықтұқымдасының сақталуын ғана емес, биологиялық және ландшафтық алуантүрліліктің ерекше болмысын дәлелдей түседі».
2019 жылдың ақпан айында, осыдан бірнеше күн бұрын фототұзақ тағы да қабыланды суретке тартты. Эскпедиция қызметкерлерінің қуанышына орай, қабылан қорықтың аумағында әлі де тіршілік етіп келеді екен. Мамандардың пікіріне сенсек, жыртқыштың «жағдайы өте жақсы!».
2019 жылдың ақпан айында Үстірт қорығының экологиялық білім беру орталығының мамандары үстірт қабыланына арнап балалар арасында сурет байқауын ұйымдастырды. Байқауға қатысушыларға қабыланға ат қою туралы да ұсыныс жасады. Қазылар алқасының бір ауыздан келіскен шешімімен «Тау шері» деген атты таңдап алды.
Қазір CADI (Орта Азия шөлдері туралы Бастамалар) жобасының аясында қабыланды Қазақстанның Қызыл кітабына енгізу туралы биологиялық негіздеме жасау жоспарлануда. Оған қоса Ортаазия қабыланын сақтау туралы ҚР Үкіметіне ұсынылатын Жоспар жобасы қарастырылуда. Қабыланды сақтаудың алғашқы қадамы ретінде мамандар Үстірт мемлекеттік қорығы аясының аямағын кеңейту, браконьерлерден қорғау, шекаралас аймақтардан бірнеше қабылан әкелу жоспарларын қолға алды.
Материал Қазақстанның биотүрлілікті сақтау қауымдастығының (ҚБСҚ), ҚР АШМ Жануарлар әлемі және орман шаруашлығы комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Дилдахметтің, Қабыланды сақтау мен зерттеу жобасының мүшесі, биология ғылымының кандидаты Марк Пестовтың, Үстірт мемлекеттік қорығының директор орынбасары Жасқайрат Нұрмұхамбетовтың мақалалары негізінде дайындалды.