OLD WORLD ORDER / NEW WORLD ORDERS көрмесі

Adamdar news Қазақстан

OLD WORLD ORDER / NEW WORLD ORDERS көрмесі

21 Қыркүйек, 2019 жыл

Алматы, Қазақстан

іс-шара: OLD WORLD ORDER / NEW WORLD ORDERS көрмесі
уақыты: 21 қыркүйек — 20 қазан
орны: Artmeken галереясы (Алматы, Қазақстан)

Алматыда қазіргі заманғы британдық суретшілердің OLD WORLD ORDER / NEW WORLD ORDERS («Бұрынғы әлемдік тәртіп / Жаңа әлемдік тәртіптер») медиа-арт көрмесі ашылды. Назарға ұсынылған жұмыстар British Council және LUX халықаралық арт-агенттігінің топтамасынан алынған. Көрме Artmeken галереясында 2019 жылғы 21 қыркүйектен 20 қазанға дейін өтеді. 

Көрмеге британдық алты суретшінің жұмыстары қойылған, олар өмірбаяндық және деректі кино жанры, поэзия және көркемдік естен шығару арқылы материалдық және материалдық емес мәдени мұра, қазіргі заманғы мәдениет, қоғамның ортақ сәйкестігі және ұйымшылдығы тақырыптарын ашып көрсетеді. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, видеоарт көрмесінде назарға ұсынылған дүниелерге пайымдап қарау және түсіну үшін біршама өзгеше көзқарас болуы қажет. Ол – күрделі, көп өлшемді, көп дауысты, сындарлы және қарама-қайшылыққа толы кеңістік, онда қазіргі заманғы британдық суретшілердің еуропалық және ұлттық сәйкестік, интернационализм, нәсілдер мен мәдениеттердің тарихы, локализм және глобализм туралы түйген ойлары назарға ұсынылады. 

Жобаның Қазақстандағы кураторлары – Британдық кеңестің шақырылған кураторы Тендай Джон Мутамбу (Ұлыбритания) және елдегі, сондай-ақ шетелдегі көптеген көрмелердің кураторы, Қазақстан мен Орталық Азияның қазіргі заманғы өнері туралы мақалалардың, каталогтар мен кітаптардың авторы Валерия Ибраева (Қазақстан). 

«Бұл көрме өзінің көрерменіне өте жоғары талап қояды, ол ойлануға және суретшілер мен куратор сипаттаған жағдайларды талдауға қозғау салып қана қоймайды, сондай-ақ ой толғанысын өзі өмір сүретін қоғам мен еліне проекциялауға итермелейді. Бұл жерде таза тұжырымдар мен түйін атаулы жоқ, анықтық пен нұсқау да жоқ. Тұжырым жасау және әсерлену – тек көрерменнің еркіндегі нәрсе, сондықтан ол декларативті түрде емес, шын мәнінде оның тең жаратушысы мен тең авторына айналады», — деп атап өтті Валерия Ибраева.

Роуэн Кеннеди, Қазақстандағы British Council директоры: «Біз Алматы тұрғындарының назарына OLD WORLD ORDER / NEW WORLD ORDERS көрмесін ұсынуға өте қуаныштымыз, ол Қазақстандағы British Council ұйымы жұмысының 25 жылдығын атап өту шеңберінде өтіп жатыр. Елдеріміздің арасындағы өзара түсіністікті өнер арқылы нығайту – British Council жұмысының негізгі бағыттарының бірі. Осы жобаның арқасында біз қазіргі заманғы британдық суретшілердің жұмыстарын көрсетіп қана қоймай, сондай-ақ Қазақстандағы кураторларға осынау іс-шара аясында Ұлыбританиядан келген кәсіпқойлармен бірлесіп жұмыс істеу арқылы тәжірибе алмасуға мүмкіндік береміз».

Көрме шеңберінде әр сәрсенбі сайын сағат 19.30-да Artmeken галереясында медиаформатта жұмыс істейтін суретшілердің, сондай-ақ шығармашылығында мультимедиялық көрменің тақырыптары көрініс тауып отырған зерттеушілердің қатысуымен көпшілікке арналған дәрістер өтеді. 

25 қыркүйек, сәрсенбі, 19.30
Зоя Фалькова, елдегі және шет елдердегі көркемөнер процесіне ең белсенді қатысушылардың бірі. 
Тақырыбы «Постотаршылдықтың гибридтік эпижүйелері»

2 қазан, сәрсенбі, 19.30
Сәуле Дүйсенбина, Қазақстанда, сондай-ақ халықаралық көрмелерде туындылары кеңінен қойылатын суретші. 
Тақырыбы «Gif анимация тарихты құрудың тәсілі ретінде»

9 қазан, сәрсенбі, 19.30
Ербосын Мелдібеков – танылған халықаралық суретші, оның жұмыстары Санкт Петербургтегі Орыс мұражайы, Бакудегі Ярат Орталығы, Сингапурдегі қазіргі заман мұражайы, Туриндегі Projetto 107 Қазіргі заманғы өнер орталығы сияқты және т.б. ірі жария коллекцияларға сатып алынған. 
Тақырыбы «Постшындық дәуіріндегі мутациялар мен трансформациялар»

16 қазан, сәрсенбі, 19.30
Елена және Виктор Воробьевтар – еңбегі сіңген халықаралық беделі бар суретшілер, Стамбул, Мәскеу, Сидней және бірнеше мәрте – Венеция биенналесіне қатысушылар.
Тақырыбы «Құжат және метафора»

Көрме 2019 жылғы 21 қыркүйектен 20 қазанға дейін өтеді, кіру тегін.
Мекенжайы: Artmeken gallery, Алматы қаласы, Назарбаев даңғылы, 149 (Жамбыл көшесімен қиылысы)
Жұмыс уақыты: 12.00 – 19.30, сейсенбі-жексенбі (дүйсенбі демалыс). 

Қосымша сұрақтарыңыз бойынша Қазақстандағы Британдық Кеңестің маркетинг жөніндегі менеджері Данияр Дүймағамбетовке хабарласуыңызға болады, 
тел: +7 701 765 05 10;
email: Daniyar.Duimagambetov@britishcouncil.org 
 

Жарияланған уақыты: 21 Қыркүйек, 2019 жыл