Тамыздың басынан бері Adamdar/CA сайтының негізін қалаушылардың бірі әрі редакторы Тимур Нусимбеков Украинада жүр. Ол орыс-украин соғысы басталғалы бері Украинаға ат басын тіреген алғашқы қазақстандық журналист. Тимур өзінің Телеграм-каналында өзімен жолыққан адамдар жайлы, оқиға, соғыс уақытындағы Украина келбеті жайлы баяндап отырады. Кей үзінділерді біз өзіміздің сайтымызда «Украина жазбалары» айдары аясында топтастырып беріп отырамыз.
***
Бүгін Украинаның тәуелсіздік күні. Украин қалаларында әдеттегіден көбірек дабыл ойнатылып жатыр. Рашистер мерекені бұзып, сәнін кетіргісі келіп, қанатты зымырындарын жібереді, біресе артиллериямен, РСЗО-мен қалаларды атқылайды.
Батыр қала, батырлар қаласы Киевтен мыңдаған адам Хрещатикқа қарай ағылады.
Хрещатикта 24 ақпаннан бері украин жасақтары мен партизандары өртеп, қалдығы қалған РФ әскери техникаларының “парады” болып жатыр: ондаған танк, БМП, гаубица, өзі жүретін әскери қарулар. Бүгін тек қана Украинаның тәуелсіздік күні емес, сондай-ақ ресей әскерінің басып кіргеніне алты ай болды.
Миллиондаған украин бүгін бір-бірін День Незалежності-мен (тәуелсіздік күнімен) құттықтап, бір-біріне День Перемоги (жеңіс күнін) тілеп жүр.
***
Бүгін дабыл көбірек қағылды ма деп ойлағам, әлі аза бойыңды қаза қылатын бұл дыбысқа үйренбедім-ау дегем, сөйтсем бүгін әуе дабылы соғыс басталғалы бері рекордтық деңгейде өте көп мәрте қағылыпты.
«Оккупанттар тоғыз облысты атқылады… Киев пен өзге аумақтарда 189 рет әуе дабылы қағылды» (GordonUA.com)
Київ, Україна
24 тамыз 2022, сағыстың 182-ші күні
Қазақстандықтар Украина тұрғындарына көмек бере алады. Оған қатысты ақпараттар мұнда:
Украинаның Қазақстандағы елшілігі
Қазақстанның Украинаға гуманитарлық көмегі ресми штабы
Қазақстанның Украинаға гуманитарлық көмегі штабы
Сондай-ақ Qańtar2022 волонтерлік жобасы туралы да ұмытпаңыз, ол #QandyQantar оқиғасында зардап шеккен қазақстандықтарға, осы оқиға барысында азапталғандарға және құрбан болған қарапайым азаматтардың отбасына қолдау көрсетеді.