Украина жазбалары. Дабыл Украина жазбалары. Дабыл

Кітапхана DOCA Украина

Украина жазбалары. Дабыл

Мәтін мен суреттердің авторы: Тимур Нусимбеков

31 Тамыз, 2022 жыл

Львов, Украина

Тамыздың басынан бері Adamdar/CA сайтының негізін қалаушылардың бірі әрі редакторы Тимур Нусимбеков Украинада жүр. Ол орыс-украин соғысы басталғалы бері Украинаға ат басын тіреген алғашқы қазақстандық журналист. Тимур өзінің Телеграм-каналында өзімен жолыққан адамдар жайлы, оқиға, соғыс уақытындағы Украина келбеті жайлы баяндап отырады. Кей үзінділерді біз өзіміздің сайтымызда «Украина жазбалары» айдары аясында топтастырып беріп отырамыз. 

***

Таңда кафеден «Океан Ельзы» тобының әдемі әуен естіліп тұрды. Бұл әсем әнді жан түршіктірерлік дабыл үні бұзды, оның үні барлық жақты шарлап кетті. Бүгін мен тұңғыш рет Украинада әуе дабылын естідім. Бірер минуттан кейін дабыл қайталанды. Жанға жайсыз үн, соғыс туралы фильмдерді еске түсіреді. Бірақ бұндағы әуе дабылы, атыс-шабыс, ракеталар мен бомба жарылысы — ол кино емес, соңғы бес айдан бері толастамаған соғыс үні. Бұл ұзаққа созылатын дабыл қаңтар басында Алматыда үсті-үстіне оқ боратқан автомат үнін еске салады екен.

 

 

Бүгін әлдекім бомбадан қорғанатын жерге қарай жүгіріп барып, жертөлеге түсіп кетті. Ал біреу отырып, бәз біреуі сұрлана, ернін қымқырып тістеп тұр: алты айдан бері соғыс көріп, дабыл үнін дүркін-дүркін естіп, бораған оқ пен бомба кешіп келе жатқан адамдардың кейпі дәл осындай болатын шығар.

Бүгін Ресей фашистері Украин қалаларының үстінен тағы да қанатты зымыранын жаудырды. Олардың көп бөлігін Украина әуе шабуылына қарсы қорғанысы (ӘШҚҚ) қағып түсірді. Кеше Украинада ӘШҚҚ саласы мен әскери авиация жауынгерлері арасында әскери әуе күштері күні болды.Көптеген әскери сарапшылар ақпанда Украиналық әскери әуе күштері 1-2 апта ішінде-ақ талқандалады деп санаған. Бірақ олар осы уақытқа дейін елін қорғап жүр, 24 ақпаннан бері қаншама мың адамды құтқарып жатыр, олар Ресейдің қанатты зымырандарын қағып түсіріп, путлер басқыншыларының танкілері мен БТР-ларын өртеп, жүздеген әскери ұшағы мен тікұшағын құртты.

Көптеген демалыстағы әскер кеше көшеге шықты, комуфляж киіп, қолдарына үш аша таққан жауынгерлер өз отбасымен: әйелдерімен, күйеулерімен, балаларымен қыдырып жүрді, арасында қолына гүл ұстағандар мен балмұздақ көтергендер де бар. Олар өздерінің ауыр, бейнетті жұмыстарын, соғыс даласын бір сәт ұмытуға тырысты. 

 

 

Бүгін бір орыс ракетасы Украин ӘШҚҚ қалқанын жарып, Харьковті талқандады. Тағы бір бейбіт тұрғын қайтыс болды. Осы күндері харьковтық өте бір тамаша қыз-жігіттермен танысып үлгердім, олардың арасында музыканттар да, суретшілер де, босқындар мен еріктілер де, Польша мен Украинаның әр өңірінде жұмыс істейтіндер де бар. Қазір олар Харьковке хабарласып, хат жазып, өздерінің туған-туысы, үйі, қаласының жағдайын сұрайды.

— Бажаю вам мирного неба (бейбіт аспан тіеймін, бейбітшілік тілеймін), — дейді машинадан түсіп бара жатқан маған таксист (көптеген украин қанды қаңтардан хабардар).
— Усім нам (Бәрімізге солай болсын), — деймін мен.
 

Львів, Україна
8 тамыз 2022, соғыстың 166-шы күні

 


Қазақстандықтар Украина тұрғындарына көмек бере алады. Оған қатысты ақпараттар мұнда: 

Украинаның Қазақстандағы елшілігі

Қазақстанның Украинаға гуманитарлық көмегі ресми штабы

Қазақстанның Украинаға гуманитарлық көмегі штабы

Сондай-ақ Qańtar2022 волонтерлік жобасы туралы да ұмытпаңыз, ол #QandyQantar оқиғасында зардап шеккен қазақстандықтарға, осы оқиға барысында азапталғандарға және құрбан болған қарапайым азаматтардың отбасына қолдау көрсетеді.

#UkrainianDiary2022

Жарияланған уақыты: 31 Тамыз, 2022 жыл