Тамыздың басынан бері Adamdar/CA сайтының негізін қалаушылардың бірі әрі редакторы Тимур Нусимбеков Украинада жүр. Ол орыс-украин соғысы басталғалы бері Украинаға ат басын тіреген алғашқы қазақстандық журналист. Тимур өзінің Телеграм-каналында өзімен жолыққан адамдар жайлы, оқиға, соғыс уақытындағы Украина келбеті жайлы баяндап отырады. Кей үзінділерді біз өзіміздің сайтымызда «Украина жазбалары» айдары аясында топтастырып беріп отырамыз.
***
24 ақпаннан соң Украинаның бейбіт ауылдары мен қалалары мықты бекіністер мен қамалдарға айналды. Құмға толы қаптардан жасалған пулемет қамалдары, бетон блоктардан тұрғызылған блокпостар мен ДЗОТ-тар көшелер мен үйлерге, қиылыстарға қорған болды; миналар мен қопарғыш фугастар, танкке қарсы кірпілерді Путлер әскері кіреді-ау деген жолдарға, даңғылдарға төседі. Украин тұрғын кенттері кешегі бейбіт күннен бүгінгі әскери орынға айналуы үшін бірнеше күн ғана, көп жағдайда, санаулық сағаттар мен минуттар ғана кетті.
Бүгін украин қорғаныс аумақтарынан қызық картинаны байқадым: қапқа салынған құм, топырақта өнген гүл гүлдеп тұр, танкке қарсы кірпілерді де көк шалғын жауыпты. Мен бұл картинаны Соғыс гүлі деп атадым. Соғыс өрті алаулап тұрған аймақта, қалалар қирап, адам топ-тобымен өлім құшып жатқан жерде, оқ борап жатқан пулеметтің жанынан жайқалып өскен гүлді көру; путлер әскері үйінділер мен қабірлерге айналдырған қалалардан оккупанттардың бар зауалынан аман қалған әйелдер мен балалардың үнін есту; бірер сағат бұрын ғана соғыс аумағынан оралып, қанатты зымырандардың ұшып келетінін не соғыс хақында айтқысы келмей, өзінің жақындары не біздің ортақ достарымыз, 24 ақпанға дейінгі және соғыстан кейінгі Украина жайлы сөз қозғайтын әскери журналистерді тыңдау деген – ол кездейсоқ әрі таңғажайып құбылыс!
Украиндар ресейлік басқыншыларға қарсы соққы беріп, елінен айдап шыққанда, Соғыс гүлі Бейбітшілік гүліне орын босатады.
Київ, Україна
15 тамыз 2022, соғыстың 173-ші күні
Қазақстандықтар Украина тұрғындарына көмек бере алады. Оған қатысты ақпараттар мұнда:
Украинаның Қазақстандағы елшілігі
Қазақстанның Украинаға гуманитарлық көмегі ресми штабы
Қазақстанның Украинаға гуманитарлық көмегі штабы
Сондай-ақ Qańtar2022 волонтерлік жобасы туралы да ұмытпаңыз, ол #QandyQantar оқиғасында зардап шеккен қазақстандықтарға, осы оқиға барысында азапталғандарға және құрбан болған қарапайым азаматтардың отбасына қолдау көрсетеді.