«Шығыс: жер, су, ауа» қысқаметражды деректі фильмінде Шығыс Қазақстан облысының экологиялық мәселелері баяндалады.
Фильмді жасау барысында, біз, Adamdar/CA командасы, Шығыс Қазақстан облысының бірнеше ауданын араладық. Өңірдегі су және ауа мәселелерін жақсырақ білу үшін сарапшы, белсенділермен және тұрғындармен сұхбаттастық.
Картина Фридрих Эберт Қоры және ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар Офисінің қолдауымен түсірілген.
Бұған дейін Алматы, Өскемен, Астана қалаларында деректі фильмнің оффлайн-көрсетілімдері болған еді. Енді онлайн көруге мүмкіндік бар: YouTube-тағы Adamdar/CA парақшасына фильмді толықтай жүктеп қойдық.
Продюсер: Малика Ауталипова
Сценарий авторы, режиссер: Тимур Нүсімбеков
Қоюшы оператор: Данияр Армакаев
Операторлар: Малика Ауталипова, Тимур Нүсімбеков
Монтажер: Данияр Армакаев
Композитор: Константин Кохан
Қазақшалаған: Кәмшат Әбілқызы
Дыбыс режиссері: Константин Кохан
Фильмде қолданылған әуен: me and my invisible orchestra — Sanamaq